Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын бағалау және анықтау әдістері

Сагиндыкова Э.У
4 мин оқу 149 оқылым

Денсaулық–бaғa жетпейтін жaлғыз ғaнa aсыл дүние. Oл жaқсы бoлу үшін не уaқытты, не–күш жігерді, не еңбекті, тіпті бaрлық дүниені aямaй жұмсaу керек. Денсaулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюғa бoлaды. Денсaулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін.

Балалардың денсаулығын бағалауда мына 4 белгі болуы керек:

-тексерген кезде қандай да болмасын аурудың жоқтығы;

-физикалық және психикалық дамуының жасқа сәйкес келуі;

-қызмет деңгейінің қалыптылығы;

-ауруға бейімділігінің жоқтығы.

МҒА (Медицина Ғылымдарының Академиясы) орталығының балалар мен жасөспірімдерге арналған гигиенасы және денсаулық сақтау институты балалар мен жасөспірімдерінің денсаулығын бағалауда заманауи кешенді схемасын жасады (тиісті топ денсаулығына сәйкес балаларды жатқызу).

Денсаулық жағдайына байланысты мынадай топтарға жатқызуға болады:

І топқа денсаулығының физикалық және психикалық дамуының қалыпты болуы, созылмалы және туа біткен ауруы жоқ дені сау өз жасына сәйкес балалар мен жасөспірімдер жатады;

ІІ топқа балалар денсаулығында созылмалы аурулар жоқ, бірақ кейбір функциональдық және морфофункционалдық ауытқулар бар, орташа және өте ауыр жұқпалы аурулардан айығып, қайта қалпына келуге мүмкіншілігі бар, патологиялық созылмалы ауруларға шалдығуы мүмкін балалар жатады. Бұл топты 2 топшаға бөліп қарастырған: Бірінші: анасының туар алдындағы кедергілер (босанарда қансырауы, қан қысымының жоғарылауы мен төмендеуі, ата–анасының алкогольге тәуелділік, ұзақ су кету, ұрықтың дұрыс орналаспау) салдарынан туындау мүмкін өте аз созылмалы патологиялық аурулармен ауыратындар, бұл топта бірінші топтағы балаларға жақын. Екінші: эндокриндік патологиясыз балалардың жалпы физикалық дамуының тежелуі (аласа бойлылығы, биологиялық даму тұрғысынан артта қалуы), балалардың салмағының артық немесе кем болуы, тыныс органдарының өткір ауруларымен жиі немесе ұзақ ауыратын балалар, әр түрлі зақымданған жарақаттар мен операциялардың әсерінен балалардық кемтарлығы жатады;

ІІІ топқа жататындар: компенсация сатысында тұрған сирек асқынған  немесе туа біткен созылмалы ауруларға шалдыққандар жатады. Бұл топтағылар жылына сегіз рет немесе одан да коп ауырады, яғни айына бір немесе одан да жиі көмекті қажет ететін жалпы денсаулығы қанағаттанарлық дәрежедегі балалар;

IV топқа субкомпенсация сатысында тұрған тумастан бұрын және одан кейін пайда болған өте ауыр созылмалы аурулар. Мұндай аурулардың көбі терапиядан өтуді қажет етеді;

V топқа декопенсация сатысында тұрған сирек кездесетін өте ауыр созылмалы аурудан зардап шегіп жүрген балалар. Бұларға мүгедек балалар жатады. Олар үздіксіз терапияны қажет етеді.

Денсаулық топтары бойынша балаларды бөлу кеңінен педиатриялар пайдаланады, себебі бұл командада балалардың денсаулығының бір мезгілде бағалау үшін неғұрлым қолайлы болып табылады. Денсаулық сақтау топтары бойынша балалардың бөлудің маңыздылығы:-халықтың денсаулығын  сипаттап талдай отырып, топтардың саны мен  статистикалық көрсеткіштерін алу (кесте 1);-әр түрлі аймақтардағы балаларды бір уақытта бір аумақта салыстырмалы түрде топтау;-балалар медициналық мекемелерінің және жеке дәрігерлердің алдын алу және емдеу жұмысының тиімділігін бағалау;-денсаулыққа әсер ететін тәуекел факторларының әсерін анықтау және салыстыру үшін;-ерте пайда болған ауруларды алдын ала анықтап, уақытында емдеп, сауықтыруға мүмкіндік тудырады.

Денсаулықты анықтау мақсатында мынадай негізгі әдістер қолданылады: қарау және тексеру–сау адамдарды тексерген кезде олардың саулық дәлелдемелерінің сипатына сапасына ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар қатер факторлары айқындалынады. Бұларға май басу, атеросклероз, қан қысымының көтерілуі, қант диабеті, метаболикалық иммунодепрессия, қатерлі ісік сияқты ауруларға себеп болатын факторларды жатқызады. Осыған орай негізгі қатер факторлары мыналар болмақ: артық дене салмағы, қимыл белсенділігінің шамалануы, дұрыс тамақтанбау, артериялық қысым деңгейінің жоғарылауы, психикалық зорлану, ішімдік пен темекіге деген үйірсектік.

Антропометриялық амалдар–бой, салмақ арақатынасы денсаулық көрсеткішінің бірі болып саналады. Адамның жасы мен жынысына орай оның бойына да белгілі бір салмақ сай келеді. Адамның өзіне тиісті салмағын анықтауда формулалар да қолданылады, бұлардың ішіндегі ең ыңғайлысы–«Брок көрсеткіші».

Тік тұрғандағы (L1) жене отырған кездегі (L2) бойды өлшеу.

Брок (Бругш) индексі–тиісті дене салмагы (), яғни бойға сәйкес салмақ мөлшерін аныктау көрсеткіші. =L1-n; егер бойы 165см–ден қысқа болса, онда n=100 (гиперстениялық дене бітімі); егер бой ұзындығы 165–175 см арасында болса, онда n=105 (нормостениялық дене бітімі); егер бой ұзындығы 175 см-ден биік болса: n=110 (астениялық бітім). Дененің жас және бойға сай салмағы РИДС–идеалды дене салмағы деп аталады.

Оны есептеу формулалары:

Р ИДС =(L1 3-450)+жас 10,25+40,5 (ер балалар үшін);
Р ИДС=(L1 3-450)+жас 0,225+45 (қыздар үшін).

Физиологиялық амалдар. Адам денсаулығын бағалау мақсатымен жүктемелі сынамалар қолданылады. Солардың 2 түріне тоқталып кетсек:

1.Ең оңтайлы сынама–Мартинэ сынамасы. Бұл сынама бойынша адамның физикалық жұмыс істеу қабілетін (30 секунд арасында–20 рет жүреден отырып тұру), жүрек тамырлары жүйесінің жүктемеге етер әсерінің түрін бағалайды [15]. Қимыл еңбегіне деген қабілет жүктемеден кейінгі процент өлшемімен белгіленген жиіленген пульстің бастапқы өлшем шамасына деген қатынас сипатымен анықталынады. Пульс жиілігін мына формуламен есептейміз:

Пульс жиілігі=

20%–тен төмен болса, қимыл еңбегіне деген қабілеті өте жақсы, пульс жиілігі 25–30 % - жақсы, 50–75 % - қанағаттанарлық, ал 75 %-нашар.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Избасарова А.Ш., Избасарова Р. Ш. Здоровый образ жизни и коррекция осанки у подростков // Вестник КазНМУ. – 2013. – №4(2). – С: 142.
  2. Жaтқaнбaев Ж. Вaлеoлoгия // Оқулық – Aлмaты, 2007. – 25, 122 -125 бет.

Сагиндыкова Э.У  Ш.Есенов атындағы КТИУ

«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а (доцент)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сагиндыкова Э.У

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Бека

    Пайдалы мәліметтер бар ,адам өмірдегі ауруладың қалай пайда болуы

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ОҚУ-ЖОБАЛЫҚ ӘДІСТЕР  АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Мақалада оқу-жобалық әдістердің жоғары мектепте жаратылыстану білімдер жүйесін құрудағы рөлі және белсенді оқытудың ерекшеліктері қарастырылады.

Сагиндыкова Э.У 3 мин 31 оқылым
Жалпы рубрика

Білімді түлек- ел болашағы

География пәнінің мұғалімі Жалжанов Нурболат Хадисұлының білім жолы, ұстаздық тәжірибесі және кәсіби жетістіктері туралы материал.

Сагиндыкова Э.У 2 мин 33 оқылым
Биология

Маңғыстау өлкесінің ботаникалық игерілуі

Мәтінде Маңғыстау өлкесінің ботаникалық зерттелу тарихы, оны зерттеген ғалымдар және игерілуінің үш кезеңі сипатталады.

Сагиндыкова Э.У 7 мин 41 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым