Бала мен қыздың айтысы
Балалар айтысы · 1 мин оқу
Бала:
Домбырам басы ырғай-ды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Бұлғаса да бармаймын,
Әлдене деп қарғайды.
Қыз:
Домбырам басы ырғай-ды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
«Көк шешек» деп қарғайды.
Бала:
Ол қарғысың өзіңе,
Екі қара көзіңе.
Қыз қарғысы өтпейді,
Маған тіпті жетпейді.
Қыз:
Кәмпитімнен бермеймін,
Енді саған ермеймін,
Маңайыңа келмеймін.