Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балалар әдебиеті

Айжан Нурлан
2 мин оқу 17 оқылым

Жанатаев Данат Жанатайұлы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент

Нұрлан Айжан,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты

Балалар әдебиеті – адам психологиясының, дүниетанымы мен қабылдау ерекшелігінің ең нәзік тұсын бейнелейтін сала. Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Жер бетіндегі әрбір этностың бір-біріне ұқсамайтын мәдениеті мен өзіне тән ерекшеліктері болатыны тарихи заңдылық. Мұндай құбылыс сол тілдік ұжымдағы ортаның қарым-қатынасынан, олардың сөйлеу мәдениеті мен өмір сүру дағдысынан анық байқалатынын аңғаруға әбден болады. Бұл ерекшеліктер сол кезеңге тән қоғамдық сананың тілінде  жақсы сақталады да, сол этностың рухани, мәдени құндылықтарының негізін көрсетеді. Осыған орай қазіргі тіл ғылымында халықтың, индивидтің, оның ішінде бала дүниетанымындағы қоршаған ортаның өмірін, дүниетанымдық сипатын қарастыратын жаңа бағыттағы зерттеулердің мәні зор болмақ. Себебі, «тіл адамдардың іс-әрекетінен тыс дамымайды. Тілдік ұжымды, жеке адамды тілі арқылы танығанда ғана оның шаруашылық, мәдени өмірінен толық ақпарат алуға болады. Ал, баланың қоршаған ортаны қабылдауы мен ой-танымы, оны санаға сіңіруі, болмыс туралы ақпарат жинақтауы жас ерекшелік психологиясына сай этностың когнитивтік деңгейінің даму кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді» . Балалар әдебиетінің мазмұны мен құрылымы көркем шығармалардың басқа саласына қарағанда стильдік мәнімен ерекшеленіп тұрады. «Әрбір ұлттың тілі – сол елдің менталды дүниесі мен шынайы этникалық болмысының айнасы. Тіл ұлттың мәдени өмірі мен дүниетанымы туралы ақпаратты сыртқа көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге шаруашылық тәжірибесінен алынған білімдер жүйесінің  санада ұғым ретінде қалыптасып, тілдік таңбалар арқылы репрезентациялану құбылысын айқындаушы бірден-бір құрал». Тілдің байлығы тек сөздік қор мен сөздік құрамның, грамматикалық мүмкіндіктердің молдығымен айқындалмайды, бұл ретте тілдік тұлғаны қалыптастыратын танымдық жүйелердің, психологиялық және әлеуметтік құрылғылардың, мәдени тілдік бірліктердің барлығы да ескерілуі қажет. Сол секілді шағын мақалаға арқау болып отырған балаларға арналған шығармалардың танымдық сипаты, оған сәйкес анықталатын сана қызметі адамзат атаулының когнитивтік ерекшеліктерін сұрыптауға бағытталады. Сондықтан тіл білімінде тіл, мәдениет және ұлт арасындағы қарым-қатынасты, олардың бір-бірімен байланысын танымдық тұрғыда зерттейтін жаңа бағыт – когнитивтік тіл білімінің орны ерекше. Тіл білімінде көркем шығарманың, оның ішінде жекелеген қаламгерлердің тілдік тұлғасын, тілдік қолданыс ерекшеліктері мен танымдық негізін қарастырған зерттеу еңбектері өз нәтижесін берген болатын. Сол сияқты балаларға арналған шығармалардың танымдық жағынан зерттелуі де қазіргі таңда жемісін беруде. Мұндай шығармалардағы кейіпкер барлық болмысымен толық танылуы үшін тілдік құралдардың бала дүниетанымымен, болмысымен сай қолданыла білуі автордың тіл шеберлігі мен бала психологиясын жетік меңгергендігін байқатады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айжан Нурлан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 44 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым