Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақшадағы туризм

Альмурзаева Галия Испандияровна
4 мин оқу 1 147 оқылым

Альмурзаева Галия Испандияровна

Балабақшада балаларды дәстүрден тыс нышанда сауықтырудың бірден бір қызықты жұмыс нысаны балалар туризмі болып қалыптасты.

Туризм – денсаулықты сақтау мен нығайту үшін қажетті барлық компоненттерге ие. Бұл дегеніміз табиғатпен тілдесу, орын ауыстыру, психологиялық ауыртпалықты түсіру және дене белсенділігі.

Туристік серуендеу мақсаты – балалар денсаулығын сауықтыру, төзімділікті қалыптастыру, жүрек – қан тамыр жүйелері жұмысын дамыту, дем алу жүйесін қарқындату, нервтік – бұлшық ет тонусын арттыру, аяқ – қол бұлшық еттерін нығайту. Жаяу серуендеу барысында жергілікті жерде бағытталуға, карта – маршрут кестесін түсінуге  дағдыланады, туған елінің табиғатына, жеріне деген махаббат ұластырылады. Әр жорық ғажайып сәттерге – күтпеген тапсырма немесе танымдылық және балаларға танымал кейіпкермен қызықты кездесуге толы. Серуендеу барысында дұрыс дем алып, көтеріңкі көңіл күйде болу қажет. Нағыз жорық қызметі мектепке дейінгі жастағы балаларға қолжетімсіз. Алайда туристік жорыққа дайындық жүргізу және оны өткізу барысында, балалармен әңгімелесу үрдісінде педагог «жорық» терминін қолданады.  Балабақшадағы туризм – бұл ішінде өзге де ойындары бар өте зор байыпты ойын.

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, оларды салауатты өмір салтына тарту, белсенді демалуға тарту проблемасы балабақшадан мектепке ауысатын мектепке дейінгі жастағы балаларға жоғары талап қойылатын заманауи қоғамда ушығып тұр. Осыған байланысты бір сәтте денелік сапаны арттыратын және танымдылық пен ойлау қабілетін дамыта түсетін дене тәрбиесі жолдарын іздестіру қарқындатылады.  Біздің көзқарасымыз бойынша осындай жолдардың бірі болып мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу барысында туризмнің қарапайым элементтерін қолдану болып табылады.

Ересек мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыруда туризмнің қарапайым элементтерін пайдалану, бір жағынан балабақшаның сауықтыру жұмысы шеңберінде балалардың белсенді іс-қимыл сұранысын қанағаттандырады, екінші жағынан – мектеп жасына дейінгі мекеменің ата-ана қоғамымен тиімді қарым – қатынаста болуына ықпал етеді.

Іс-шараларды ерекше етіп өткізу мектеп жасына дейінгі балаларға өздерін нағыз турист ретінде сезінуге мүмкіндік береді, олардың бұдан әрі де жорықтар мен серуендеулерде қажет болатын білімін байыта түседі.

Мектеп жасына дейінгі балалар туризмі мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыратын мықты фактор болып табылады. Себебі ол жалпыға қолжетімділікпен сипатталады және ауыр паталогиясы жоқ әр балаға ұсынылады.

Туризмнің кереметтілігі оның маусымдылығында. Демек, балалардың суық тию ауруларының тұрақты динамикасының түсуіне және балалардың дене мен қимылдық дайындығы деңгейін арттыруға, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық денсаулығындағы бірқатар проблемаларды шешуге қол жеткізуге болады.

Таза ауада ойнатылған ойын ағзаны шынықтырады, баланың иммунитетін көтереді. Табиғаттан балалар күн және ауа ваннасын алады, ал ол болса барлық ағзаға жақсы әсер етеді,  нерв жүйесінің тонусын көтереді және суық тию ауруларына ағзаның төзімділігін арттырады.

Туристік жорықтарда табиғат объектілерімен және құбылыстарымен таныстырамыз, бұл табиғаттағы өзара байланыстар туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді, бақылаушылықты және оған деген қызығушылықты дамытады, эстетикалық сезім, барлық тіршілік атаулыға  деген махаббат және ұқыптылық дамиды. Турситік жорықтардан балалар алатын эстетикалық әсер салдарынан туған елдің табиғатына деген сезім елеулі өзгерістерге ұшырайды: оның әсемділігіне жай сүйсіну әрекетті күшке айналады. Қоршаған әлемге деген осындай көз-қарасты қалыптастыру үшін сезімдер, білім, әрекеттер бірлігі қажет. Балаларға табиғатпен «жанды» тілдесу, бақылау және табиғаттағы практикалық әрекеттер қажет.

Дене шынықтыру – сауықтыру жұмысы жүйесінде балалар туризмі – белсенді демалудың тиімді нысаны, ол аз шығын шығару барысында денсаулық қорын арттыруға, күшін, еңбекке қабілеттелігін қалпына келтіруге, бала ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге, білім көлемін толықтыруға мүмкіндік береді.

Білім беру үрдісі белсенді, қызықты және тиімді болу үшін танымдылық сипаттағы сұхбаттар жүргізіледі:

- «Жорық түрлері», «Туристі жабдықтау», «Костер түрлері», «Өрт қауіпсіздігі ережесі», «Орманда өзін – өзі ұстау ережесі», «Орман жануарлары мен жәндіктері және оларды қорғау», «Жеуге келетін және жеуге келмейтін саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жидектер», «Жасыл дәріхана», олар ойын нысанындағы практикалық тапсырмалармен кезектестіріледі:

- «Рюкзакқа заттар салу», «Компас бойынша бағытталу», «Карта бойынша бағытталу және карта оқу», «Жергілікті заттар бойынша орманды бағдарлау», «Отты қалай дұрыс және қауіпсіз жағу керек»,  «Алғашқы көмек көрсету».

Дене шынықтыру нұсқаушысы туристік бағыттағы кіріктірілген оқу қимылдарын жоспарлайды: «Қазына іздеу», «Кедергілер», «Ойындар – эстафеталар», «Туристік старттар», сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін бірлескен сюжеттік спорт мерекелері.

Жорыққа дайындалу барысында, балаларға тосын сый, ойындар ойластыру қажет. Жорықта балаларды үлкендердің басшылығымен от жағуға, кеңестікте өзін бағыттауға, жол жүру картасын жасауға үйрету қажет. Балалар өзін табиғатта ұстау ережесін білу керек, кейбір дәрілік өсімдіктердің тағайындауын білулері керек. Мұндай жорықтардан балалар өте жоғары көңіл – күймен бақытты болып оралады, себебі табиғатпен тікелей тілдесу ғана балаға қандай да болмасын сырқаттан айығуға күш береді. Балабақшада туризмді ұйымдастырудың нәтижесінде физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттері дамытылып, шыдамдылықтары шыңдалады. Сонымен қатар спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы балалар ойын техникасын меңгеріп,  жаңа машықтарды игереді, неғұрлым ұйымшыл және ынтымақшыл, құрдастарымен достық қарым-қатынаста болуды үйренеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. А.В. Кенеман, Д.В Хухлаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістері». М., «Просвещение», 1972.
  2. Е.Н Вавилова «Балалардың денсаулығын нығайтыңыздар». Москва «Просвещение» 1986.
  3. Ю.Ф. Луури «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі». Москва «Просвещение» 1991.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Альмурзаева Галия Испандияровна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым