Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 487 оқылым

Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі.
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.
Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.
«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей тағамның беріктігінен «Балбөбек»бөбекжайыМКҚК тәрбиеші болып биылғы жылдан бастадым. Бұл балабақша алдында көп жылдан бері жарты күндік жұмыс атқарса, осы желтоқсан айынан бастап толық қүн жұмыс істеуге ауысты.
«Балбөбек»бөбекжайында жиырма бес бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан бес жасқа дейінгі балалар. Шағын- орталықта балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады.
Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметімізде қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

Авторы
Төлешова Бибінұр Нұрбергенқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 14 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин