Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақша-тәрбие мен білімнің мекені.

Нуржауова Эльвира Жумабековна
2 мин оқу 67 оқылым

Тәрбие мен білім егіз ұғым.Ал,қазіргі заман талабына сай осы егіз ұғымды балабақша табалдырығынан бастап меңгертіп жатқанымыз белгілі.Ол дегеніміз балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелей отырып, қазіргі заман талабына сай жан-жақты білім беру ол - білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде.

Балаларды-өсіп келе жатқан гүлдің өскіні деп алатын болсақ,сол өскінді өсіріп - баптау,оның әдемі өсуіне ықпал жасау әрине ол тәрбиешілердің қолымда.Себебі тәрбиеші-балалардың бағбаны деп теңеу келтіріп  жатамыз.Тәрбиеші осы балаларды тәрбиелей отырып өзінде тәрбиелей алады,балаларға ойын ұсына отырып,өзіде сол балалармен ойын ойнай алады,балаларға зерттеу жұмысын беріп,сол нәтижеге шығу үшін балалармен қызыға өзіде жұмыс жасай алады,яғни бұл дегеніміз баламен-бала болып,өзінде әлі кішкентай бүлдіршіндей сезіне алады.Сол себепті тәрбиеші балалармен бірге өседі,дамиды,жетіледі,және ең бастысы балаларыммен бірге биік шыңдарды бағындырады.Ең қызығы балабақшада тәрбиеші қызметінде жүріп,әнде айтады,биде билейді,кейде рөлдерге бөлініп аюда,қоянда,түлкіде,итте,мысықта болады.Тіпте дәрігерде,полиция қызметкеріде болады,өртсөндірушіде,аспазшыда болады.Бұл дегеніміз тәрбиеші жан-жақты,барлық мамандықты сомдай алатын маман бола алады.Кейде ойлаймында,осы мамандар тәрбиеші рөлін сомдай алады ма екен?

Қазіргі заманға сай тәрбиеші,білікті маман,жан-жақты ұстаз болу үшін әліде тынбай еңбек етіп,білмегенді үйренім,білгенді жас мамандарға үйретіп,іс-тәжірибемен алмасу қажет деп ойлаймын.Себебі,бәсекеге қабілетті балаларды тәрбиелеп шығару қажет,ал ол үшін әрине тынбай еңбек ету қажет.

2022жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “Балалар жылы”деп биылғы жылды балаларға арнады.Ал бұл дегенім балалардың жан жақты дамып,білім алуына,ойнап өсуіне  тәрбиешілердің тікелей ықпалы тиіп,көп қажырлы еңбек атқаратынын айқындап тұрғандай.

Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?»- деген сұрақтар мазалайтыны түсінікті. Балабақшадағы оқу қызметтері  5 сала бойынша жүргізіледі, ең бастысы ойын ойнай отырып біліммен,тәрбиемен сусындаймыз.Әр саланың балаға берер өз үлестері бар,мысалы таным саласы ойлауы мен танымдық қабілеттерін арттырады,қатынас саласы тілі мен сөйлеуін,шығармашылық саласы өнерге баулыса,денсаулық саласы  салауатты өмір салтын ұстану керектігін үйретеді және әлеумет саласы айналадағы қоршаған ортамен тығыз байланыс жасауды үйренеді.Осы 5 саланы кіріктіріп,бір-бірімен байланыстыру арқылы балаларға түрлі ойын сабақтар ұйымдастырады.

Балабақша-тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, балабақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен бірге балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін –сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.

Қорыта келіп, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз тәрбиеші деп атауға болады. Олай дейтінім болашаққа ізгілік нұрын себушілер. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы балабақша қызметкерлері.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нуржауова Эльвира Жумабековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 348 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 98 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым