Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру

Сарсекова Бакытгуль Кумаровна
3 мин оқу 411 оқылым

Сарсекова Бакытгуль Кумаровна

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да балабақшамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Педагог ғалымдарының тұжырымына сүйенсек, тұлғаны қалыптасу нәтижелілігі, ең алдымен отбасындағы өнеге байланысты. Отбасындағы ересектердің мінез - құлқына, әдебіне, іс - әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланың да қандай екенін тану қиын емес.
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі:
— педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру.
— іс -әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастыру оқу іс -әрекеттерге қатысу,)
— балалардың шығармашылық әрекетін дамыту,
— қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу,
— әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Осындай негізгі бағыттарды іске асыру үшін мектепке дейінгі мекемелермен отбасының арасында тығыз байланыс қажет. Осы бағыттағы тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болмақ.
Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп қоршаған орта ғана емес,сонымен қатар отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді.Себебі,ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыпты өздері ұсына алады.Сондай - ақ, оларға ұсыныс, тіректермен санаса отырып, ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері

қарастырылады.
Отбасы — бұл баланың өмір сүру ортасы яғни, қамқорлықтың тұрақты көзі. Тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта. Осы орайда бала білім нәрімен сусындайтын алтын ұясының алатын орны бөлек. Біріншіден, бала уақытының көп бөлігін балабақшада өткізеді, тәрбиешілерінен, ұстаздарынан дәріс үйренеді. Демек, отбасы мен балабақша арасындағы қарым - қатынастың алар ролінің қаншалықты маңызды екенін осыған қарап топшылауға болады. Балабақша ұжымы ата - аналарды ұйымдастырып, балаларды балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс - шаралар жиі өткізіп тұрамыз. Оған сауықтыру кештері, ертеңгіліктер, тренингтер, сауалнамалар жатады. Осындай отырыстар арқылы ата - аналар бір - бірімен жақынырақ танысып, ортақ өзекті мәселелерді бірге шешуге тырысады. Бұл дегеніңіз, ата - ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі артады. Балабақша мен отбасы, ата – анамен бала арасындағы достық, бауырмалдық қарым - қатынастардың қалыптасуына игі ықпалын туғызады. Мектепке дейінгі мекемеде өткізіліп жатқан спорттық жарыстар салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мен қатар ата мен бала арасындағы сүйіспеншілікті, ынтымақтастықтың да нығаюына септігін тигізеді. Қарап тұрсаңыз, отбасы мен балабақша бір - бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол — саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ. Осы екі одақ бірлескенде ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетіні анық. Балабақшада балалармен, ата – аналармен бірлесіп жұмыс істеу нәтижелігінің диагностикалық зерттеу графигін құрып, ата - ананың балабақшаға деген қөзқарасын қалыптастыру. Ата - ананың қатысуымен «Әкем, шешем және мен», сонымен бірге ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерге ата - аналар қатыстырылады. Ондағы мақсат, жаңа технологияларды ата - аналарға бағыттау, әдіс - тәсілдерді түсіндіру, жақсы нәтижені көрсету барысында жетістіктеріне қол жеткізу. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — дегендей, бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар балабақша мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілген тәлім - тәрбие сабақтаса ұштаса жүргізілгенде ғана мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасыларымен бірге отырып, жұмыс жасау оның ішінде отбасы бұрышын құрып, олармен жеке - жеке жұмыс жүргізу өз нәтижесін береді. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да балабақшамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Педагог ғалымдарының тұжырымына сүйенсек, тұлғаны қалыптасу нәтижелілігі, ең алдымен отбасындағы өнеге байланысты. Отбасындағы ересектердің мінез - құлқына, әдебіне, іс - әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланың да қандай екенін тану қиын емес.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сарсекова Бакытгуль Кумаровна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым