Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақша - бақытты балалық ордасы.

Оразамбаева Айжан Серікқызы
2 мин оқу 31 оқылым

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге  баулиды. Сондай балабақшалардың бірі- «Көктал орта мектеп-бақша» КММ «Балдырған» балабақшасы.

Балабақша-келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Балабақшамыз 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Ашылғанына  биыл 8 жыл толады.

Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Атап айтсақ, балабақшада бір топ жұмыс жасап, онда 17 бүлдіршін тәрбиеленеді. Балабақшада 4 жұмысшы қызметкер бар, оның 2-уі педагог мамандар, жоғары білімдісі-1, орта арнаулы -1 қызметкер қызмет етеді.  Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін мамандар жұмыс жасайды. Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті- күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.

«Үйренер нәрсең -білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн  айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ  тілінде жүргізеді. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар.

2016 жылдың сәуір айында аудандық “Өнегелі өмірдің бастауы-тәрбиешілер» атты педагогикалық байқауды жүлделі ІІ орынға ие болдық.

Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек. 2017 жылы аудандық «Үлгілі балабақша» аудандық байқауда  ІІ-орынмен марапатталдық.

«Балдырған» балабақшасының ұйытқысы, ізденімпаз, тәрбиешілер Оразамбаева Айжан Серікқызы мен Нургалиева Айгүл Токтаргалиевна балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Тәрбиешілер 2017 жылы «ПОНИ» халықаралық турниріне балалар дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.

Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз  мектепте оқып білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жаста болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Ата-аналар пікірінше біздің «Балдырған» балабақшасы балалардың саялы мекені.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Оразамбаева Айжан Серікқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 74 оқылым