Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақша - бақыт мекені

Дощанова Салтанат
2 мин оқу 102 оқылым

Дощанова  Салтанат Бейбитовна

Қазақ  халқының нағыз  азаматын  тәрбиелеп өсіру   негіздерін   қалыптастыратын   тұңғыш мектеп – балабақша. Мектепке  дейінгі  мекеме   балаларына  үздіксіз   тәрбие мен  білім беру  келешек ұрпақтың еркін дамуына,  жан жақты  білім алуына,   белсенді, шығармашыл   болуына   тікелей әсер  ететін  балабақша тәрбиешілері.  Балабақша – келешек, ел  басқарар,  жер суына иелік етер,  ел халқын  гүлдендірер, мерейін  өсіріп,  мәртебесін биіктетер  жасампаз жандарды   шыңдап  өмірдің  ең  басты  сатысын  қалайтын киелі ұя.    Балабақша  ұжымының  мәрбір қызметкерлерінің міндеті – күнделікті   тәрбиеленуші   бүлдіршіндерге   бақыт сыйлау.  «Үйренер  нәрсең – білім мен мейірімділік» –деп,  Жүсіп Баласұғын  айтқандай, балабақша ұжымы  әрбір  күнін  ізденіспен өткізеді.  Өмірге келген  әрбір  бала  отбасында ата–анасының жақындарының  махаббаты мен  жылулық  шапағатына  бөленіп өседі.   Әр отбасында тәрбие алып 2  жасқа  толғанда  ата–аналар  жүректерінің  бір бөлшегін  сеніп балабақшаға  әкеліп тапсырады.  Сол орайда  ананың  орнына  ана болып мәпелеп,  бар жылулығын, тәлім–тәрбие  беретін тәрбиеші.   Балабақша    баланың  өмірге аттаған алғашқы  қадамы. Басқан  алғашқы  қадамынан  баланың  болашағы  қаланады. Әрбір  кішкентай ғана  бүлдіршінді   өмірге енді аяқ  басқан  сәтте  көңілінің кілтін тауып,   олардың  тұлға болып  қалыптасуына  үлес қосатын  алтын ұя.  Отбасында еркелеп, өз  дегенін,  қалауын  орындатып,  қоятын ерке  балалар да   жоқ емес.  Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы  тұңғышы.  Бірақ   балаларға бірдей    тәрбие  беріп,  бірыңғай   тәртіпке баулитын  орта тағы да  балабақша.

Балабақша бақыттың  ең бірінші  баспалдағы,   баланың  болашағы.  Бала  тәрбиесі – үлкен өнер Бақшаны –  бала  бағбандарының   мекені деп  тани отырып,   балабақшаны –  болашақтың  қақпасы   деп білуіміз керек.   Болашақтың қақпасы  – әрбір  бақша табалдырығын   аттаған   бүлдіршіндердің  қадамдарына  ертеңге  деген   нық сенім  жүректерінде  патриоттық  сезімдері   жалынындаған   ұлт ұрпағын   тәрбиелейтін  білім мен  тәрбие  беретін алтын қақпа   болуы  тиіс.  Балабақша – баланың  жүйелі  түрде  білім мен   тәрбие   алатын ең  алғашқы қоғамдық  ошағы.  Сондықтан,  алдымызға келген  әрбір  бүлдіршінге  тәлім –  тәрбие беріп  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу – біздің  міндетіміз. Білім қазынасын  балабақшадағы  бүлдіршіндердің   бойына сіңіріп, олардың    болашақтарына  игі  ықпал ету  негізгі  мақсатымыз.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дощанова Салтанат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 304 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым