Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақша − бала тәрбиесінің іргетасы

Bilimger Media
3 мин оқу 556 оқылым

"Балабақша − бала тәрбиесінің іргетасы"

Картаева Таншолопан Сериковна, тәрбиеші, ЖШС «Ақ ерке» балабақшасы,Қарағанды қаласы

Қазақ халқы бала тәрбиесіне ешқашан да  бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы», - деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктелген. Оны ел ішінде айтылатын қанатты сөздерден де көруге болады. Бала –  болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәби кезінен бастап берілетін тәлім – тәрбиенің маңызы өте зор Бірақ, бала тәрбиесі оңай іс емес. Ал, сол сәбилердің қызығы мен шышығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан, тәрбиеші қауымның атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр да жауапты. « Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас»,- деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының, тәрбиешісінің жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады. Отбасы мен балабақша бірлесіп тәрбиелеген бала жеміс берген ағашпен тең. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін тәрбиешіге байланысты. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиешінің алға қойған мақсат-міндеті мен өзіндік ұстанымы болуы керек.

 Тәрбиеші болу біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық және де адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі», -деген екен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Тәрбиеші – адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға. 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма «Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып 2018 жылдың жартысынан бастадым. Бұл балабақша көп жылдан бері жұмыс істеуде.«Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасында жүз жиырма бала тәрбиеленуде.. Олардың жас шамасы бір жарым жастан алты жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық,  денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. «Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері әр мерекелік іс-шараларға, түрлі конкурсқа белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Соның ішінде кіші топ балалары конкурсқа сән көрсету қойылымына қатысып жүлделі орындар алуда.
Кішкентай балалар тәрбиешінің көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір» сөздерін айтып
, бір –біріне сыйластық танытып отырады. Ұйымда тәрбиелеу, балалардың өзара ортада қарым - қатынастарын қалыптастырады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, достарына, үлкендерге қалай болса солай қарауға және де сөз қайтаруға мүмкіндік жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстауды
үйренеді. Осылайша біз тәрбиеленушілерімізге қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз. Әрбір жасалынған еңбектерінен кейін «Жарайсыңдар балалар!», топтағы ойыншықтарды жинағанан кейін « тобымыз  қандай сәнді болып қалды, бәрекелді балалар!», - деген сөздерді есту арқылы еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Білім беру саласында  топтасып жұмыс жасай білуді, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіреді. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын»,-  деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. 

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:19

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым