Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бала тәрбиесі – жауапты іс

Абдуалиева Гүлнұр Бауыржанқызы
1 мин оқу 34 оқылым

Бала тәрбиесі – жауапты іс

Абдуалиева Гүлнұр Бауыржанқызы

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Мұхтар Әуезов

Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де – тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші – отбасы және мектеп.

Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашағы да жарқын болмақ. «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін,туғаннан бастау керектігін айтып кеткен. «Отан – отбасынан басталады» деп те айтамыз. Отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп десекте болады.

Баланың нағыз азамат болуына ықпалды ортасының бірі – отбасы. Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ана ерекше рөл атқарады. Ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу, ұяңдық сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.

Қандай ұлт болмасын бала тәрбиесін елеусіз қалдырмаған. Мысалы, жапондар бала тәрбиесіне аса мән беретін ұлттың бірі. Олар «балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен кейiн досыңдай сырлас» деген тәрбие негізін берік ұстанатын халық. Олар бала тәрбиесін «ұл, қыз» деп бөлмейді. Жапон халқының бала тәрбиесіндегі ең үлкен жетістігі – баланы 5 – 6 жастан бастап жауапкершілікке үйретіп, тәртіпке бағынуға бағыттайды. Сол себепті де, жапондықтардың баласы  он бесінде оң-солын ажыратқан, тәртіпті, жауапкершілікті ала алатын тұлға деуге болады. Қазақта да «Он үште отау иесі» деп, ер балаға он үшке дейін жауапкершілікке баулитынын білеміз. Осы жауапкершілікке баулуды бүлдіршін кезінен қалыптастырсақ, еліне қызмет ететін, оңы мен солын ажырата алатын тұлға тәрбиелеріміз анық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абдуалиева Гүлнұр Бауыржанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым