Мазмұнға өту

Бала тәрбиесі – отбасынан басталады

Ыбырай Алтынсарин 3 мин оқу 54 оқылым

«Бала тәрбиесі – отбасынан басталады»

«Балаға берілген бірінші тәрбие ата- анасын, туысын, жолдасын
сыйлауға үйретуден басталады.»
Ыбырай Алтынсарин

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы,
Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана
перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын
тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық,
түсіністік, мейірілімділік пен махаббат, үлкен жауапкершілік сезімдері бар
отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың
өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы
тәрбиесі, тілі. «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы
байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Ата-ана үмітін ең алдымен
ұрпағымен байланыстырады.Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» –
деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген
атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-
бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі
зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана –
баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып,
әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке
танытады. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ
әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды.
«Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» –
деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі
туралы айтады.
Бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде.
Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында
да шешуші тұлға бола алады. Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда
«Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың
табиғи құқығы, әрі парызы» делінген екен. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін
күрделі де, жауапты міндет. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы,
өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық
алдында да, мемлекет алдында да жауапты етуге тәрбиелейді. Бала тәрбиесі
туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға
ешкімнің хақысы жоқ. Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе
келер бәрі түсінеді» – деп қарауға болмайды екен. Бала тәрбиесі – әр
сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі
процесс.
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының
негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени - әлеуметтік ортаның
құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес
тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы
етіп тәрбиелеу. Ұұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері,
ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен
тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында
болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-
ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың
жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-
инабат бойына сіңіруі тиіс.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол –
адамдық кемелденудің негізі.. Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл
Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ақиқат сөзімен
дәлелдегім келеді.

Жарылкасинова Гульнар Шамшадиновна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ыбырай Алтынсарин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин