Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бала тәрбиесі - болашағымыздың тәрбиесі!

Bilimger Media
2 мин оқу 34 оқылым

« Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстазадан болады.»

Отбасы шағын мемлекет. Ақиқатында адалдық пен мейірімділіктің, ананың аялы алақаны мен әке қомқорлығының, шынайы сезімдер мен ізгі қасиеттер ордасынан ел тізгінін ұстар азаматтарымыз шығады.  Ел боламын десең, бесігіңді түзе дейді, дана халқымыз. Бала дүниеге келгеннен, ананың ақ сүтінен нәр алып, ес жинап, әлемді тану үшін қанша жауапкершілік керек. Бала тәрбиесімен кім айналысқан дұрыс? «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды  тек қана өзіңіздің ата- аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді» - дейді, Антон Макаренко. Анығында біз бар тәрбие мен өнегені, ақыл мен парасатты өскелең ұрпаққа үйретсек нұр үстіне нұр. Сонда қазіргідей еліміздегі өр тұлғалардай азаматтарды әр шаңырақтан кездестірер едік. Адам үшін білім шыңына шығу үшін оның тегі маңызды емес, ақылы мен санасы маңызды.

Отбасыдай тәрбиені 100 мектепте бере алмайтыны бесенеден белгілі. Бірақ қоғамда бәрі сөзбен айтқандай жақсы бола бермейді. Дегенмен, әке мен ананы сыйламайтын, үлкенді құрметтеп, кішіні ізеттемейтін, арам судың арбауына түсіп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын , алдына қойған арманы жоқ сасық көкіректер қайдан шығып жатыр?  «Тәрбие тал бесіктен басталады», дегендей, анасын ғана кінәләп қоя алмаймыз, мүмкін ата анасы да жақсы тәрбие алмай өсті ма екен? Бұның бәрі қаза берсек шығар жолы жоқ шырғалаң.

Қазіргі кезде ата анасы таң атқаннан , кеш батқанға дейін жұмыста жүрсе, бала қараусыз телефонның шырмауына түсіп жатса тәрбиені қайдан алмақ? Бәрімізге белгілі қазірде білімді онлайн ашып жатырмыз. Қаншалықты санамызға жетер мәлімет алып жатырмыз. Әрине, білім берер алтын ошағымыздай , аяулы ұстаздарымыздан білім алғандай болмасы анық.  «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол саған барын берді , өнер үйретті, әкең жасамаған жақсылықты жасады. Шын шәкірт болсаң ұстазыңның жолын қу, өнерін жалғастыр»,- деген.  Яғни, бұдан шығатын қорытынды, барлық қоршаған ортасы тәлім берсе ғана, ұлт болашағы мығым болары анық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіне келер болсақ: «Сен де бір кірпіш дүниеге,  Кетігін тап та бар қалан » — деп Абай атамыз айтқандай, еліміз үшін бір игілікті іс жасай алсақ, сол елдің болашағының мызғымай, тәуелсіздігінің тұғырлы болуы үшін бір кетігі болып қалансақ , бұл мәңгілік өшпейтін адамдық борышымыз. Болашақ -біздің қолымызда! Біз қалай өссек, артымыздағылар сондай болары даусыз. Кеудесінде жаны бар әр адамның көзі ашық, көкірегі ояу болса, ертеңгі күні ұрпағына да тәрбиені үйіп — төгіп берсе, еліміздің еңсесі биік , табиғатындай көркем, тауындай жоғары болады деген сенімдеміз!

Сагымбаева Жанар Туркестановна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым