Мазмұнға өту

Бала тәрбиесі баршаның ісі

Купесбаева Майгуль Акболатовна 2 мин оқу 47 оқылым

Өткен жыл еліміз бойынша «Балалар жылы» деп бекітілді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп айтты. Балалар – кемел келешектің бүгінгі кепілі екені анық. Ел ертеңінің тұтқасын ұстар бүгінгі бөбектеріміздің балалық шағы бақытты, денсаулықтарының мықты болуын және сапалы да саналы білім алуын қамтамасыз ету – басты міндет.
Қазіргі таңда баланы жастай жақсыға үйретіп, мектепке дайындауда балабақшалардың рөлі зор. Десе де ата-ана да бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмауы қажет. Екі жақты түсіністік пен бірігіп жұмыс жасаудың арқасында білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ тәрбиелей аламыз.
А.Сухомлинский ата-анамен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Өзім қызмет етіп отырған балабақша да ата-аналарымен тығыз қарым қатынас жасаудың арқасында жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Мәселен әрбір топ өз жұмыстарының жоспарына сай тәрбие жұмысының бастауы ретінде ата-аналарды еңбек іс-әрекетіне араластырып, түрлі іс-шараларға белсене қатыстырып, қоян- қолтық жұмыс істеуде.
Әр мерекеге орай салтанатты шаралар ұйымдастырылады. Әрбір баланың өзімен, отбасымен, достарымен, қоршаған ортамен байланысын, шығармашылығы мен мәдениетін дамыту мақсатында педагогтар іс шараны жан-жақты, қызықты өткізеді. Ең бастысы мерекеге жиналған ата-аналар да көңілді кешке ерекше атсалысады. Балаларымен бірге ән айтып, би биледі. Түрлі ойындар ойнатылып, бүлдіршіндерді ерекше әсерге бөледі. Қазақ «Адамның бақыты – балада» дейді. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Ал адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Ал бала үшін өз үйінен кейінгі ең жылы орын – балабақша.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан да балаларға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу үшін балабақша мен ата-ананың бірігіп еңбек етуі маңызды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Купесбаева Майгуль Акболатовна

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Бала тәрбиесі баршаның ісі

Купесбаева Майгуль Өткен жыл еліміз бойынша «Балалар жылы» деп бекітілді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп…

Купесбаева Майгуль Акболатовна 39 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин