Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Меруерт
2 мин оқу 96 оқылым

Инжибекова Меруерт

Тәрбие – ұлт болашағы  үшін сәби кезден бастап мән берілетін ерекше дүние. Ата-бабамыздың "Тәрбие-тал бесіктен" деген даналық сөзіне көз жүгіртер болсақ, бала ең бірінші өмірге келгеннен бастап бесік тәрбиесін бойына сіңіреді.Және оның ұлтшыл, иманы берік, қоғамға пайдасы тиер, салт-дәстүрді берік ұстанған азамат болып шығуына ата-ананың берер тәрбиесі ұшан теңіз.Осынау тарихын тереңге тартқан ұлы дала төсінде өмір сүріп келе жатқан біздер ең бақытты адамдармыз. Себебі, дархан даламыздың әрбір тіршілігі даналық пен дархандыққа, тәлім мен тәрбиеге бай. Өмір есігін ашқан күннен бастап ата-анамыздың, ата-әжеміздің, қоғамның, одан қала бергенде ата-бабамыздың өсиетін құлағымызға сіңіріп келе жатырмыз. Сіз бен біздің құлағымызда,жадымызда, жүрегімізде сақталып келе жатқан өсиеттің өмір сүріп келе жатқанынан қаншама ғасырлар.

Қандай құдірет десеңші... Мұның себебі, ата-бабамыз бала өмірге келгеннен бастап осынау ғажайып даналықты бойына сіңіріп, оның болашағына ықпал етуіне зор үлесін тигізеді.Кешегі бала, бүгінгі баба. Осылай ұрпақтан-ұрпаққа тараған сөз құдіретіне бас иіп,таңқалмауымыз мүмкін емес. Айта кетерлік баланы тәрбиелеуде ежелден келе жатқан тарихи дәстүр,тарихы өсиеттің де келе жатқаны бәрімізге мәлім.Ата-бабамыз ең бірінші баланы жеті жасқа дейін бетінен қақпай еркелетіп, мейірім мен шапағатқа бөлеп, балалықтың бал дәмін татырып өсірген."Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Сонау тарихқа көз шалдырар болсақ ең әуелі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бабаларымыздың айтқан нақылы мен өсиеті, ақыл мен парасаты тек қазақ тарихы мен әдебиетінде ғана емес, көрші мемлекеттердің тарихында да аты мәшһүр.

Өгiздi өрге салма — қанатың талар,

Наданға көзiңдi салма — сағың сынар.

Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер.

Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер, - дегеносы бір Төле би бабамыздың өлең жолы қандайғажайып ақылға толы десеңші.

Қазақ халқының бойында тектiлiк болмыстың қалыптасуына ең алдымен ата-баба салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпының және рухани құндылықтардың рөлi зор. Қандай халық болса да өзiнiң өткенiн, қайталанбас тарихын, салт-дәстүрiн көзiнiң қарашығындай сақтап, қастерлеп ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етедi. Бізде сол өсиеттерді өшірмей, өзімізден кейінгі ұрпаққа дәріптеп, қанымызға сіңген қастерді қайта түлетсек бұл болашаққа деген біздің орасан зор пайдамыз.

Сөзімді қорытындылай келе, ата-баба өсиеті – ұрпаққа байлық, ұлы мұра. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлерiмiз, тiлiмiз бен дiнiмiз, мәдениетiмiз бен әдебиетiмiз, жөн-жоралғыларымыз, бiр сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгiге қалуы тиiс. Ата-бабамыздың әрбір сөзі, әрбір өсиеті–ұрпаққа ұлы аманат

Авторы
Инжибекова Меруерт

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Меруерт

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Тар жол тайғақ кешу"

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романында 1916–1919 жылдардағы тарихи оқиғалар мен автордың өз басынан кешкендері суреттеледі.

меруерт 3 мин 292 оқылым
Жалпы рубрика

Алтын жапырақ төккен күз!

Күзгі жапырақтардың түсуін бақылауға арналған жаратылыстану оқу қызметінің жоспары. Балалар жұмбақ шешіп, ойындар мен танымдық тапсырмаларды орындайды.

Меруерт 3 мин 653 оқылым
Дефектология

Жыл мезгілдерінің белгілерін білу

4-сыныптың «Айналадағы әлем» пәніне арналған сабақ жоспары жыл мезгілдерінің белгілерін ажыратуға, карточкамен жұмыс істеуге және білімді бекітуге бағытталған.

Меруерт 2 мин 153 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 230 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 150 оқылым