Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Автомобильдердің жалпы құрылысы

Танирбергенова Эльмира Полатқызы
2 мин оқу 182 оқылым

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.

Автомобиль - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңгалақты көліктік құрал. Сонымен қатар троллейбустер, үш доңғалақты 400 кг массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезды айтады.

Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.

Негізгі бөліктер және агрегаттар

Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.

Шанақ – тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста шанақ жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің шанағы жүк тиейтін платформадан (жүктік шанақ) және жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш – автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.

Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы

Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді.

Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі автомобильдің жалпы дөңгелектер санын, екінші сандық белгі автомобильдің жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады.

Сонымен жетекші дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер қатары арқылы алған механикалық энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады.

Автомобильдер қозғалтқыштың алдында, артында және ортасында орналасуына байланысты үшке бөлінеді.

Шанақтардың негізгі түрлері

Жабық

Седан: Төрт немесе екі есікті болады. Ерекше өзгешелігі – толық көлемді екі қатар орындықтарының болуы және артқы қабырғасында есіктің болмауы.

Универсал:

Хэтчбек:

Купе:

Лимузин:

Минивэн:

Хардтоп:

Таун-кар:

Комби:

Лифтбэк:

Ашық

Кабриолет :

Родстер :

Фаэтон :

Ландо :

Брогам :

Тарга :

Спайдер :

Жүк және жолаушы

Пикап :

Фургон :

Автомобильдердің классификациясы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Танирбергенова Эльмира Полатқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым