Айтбек Айбибі
Жалпы осы мақалада мен өзімнің туып өскен жерімнің өзекті мәселелерін қозғағалы отырмын.Ең алдымен жалпы ауыл деген түсінікке жауап бере кетсем
Ауыл-сенің туып өскен жерің,жан тыныштығының Отаны.Ауылдың таза ауасын жұтып,тұнық суын ішіп,көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуі тиіс.Әрине,ауыл туралы айтарсың,бірақ жүректің түкпіріндегі ауылға деген сағынышты махабатты сөзбен айтып жеткізе алмайсың.Қай кезде ауылға барсаңда ауылда қайнап жатқан тіршілік.Соған мысал ретінде өзімнің туып өскен ауылымды айтар едім.Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылы.Халық саны-2000 шамасында,балалар саны орта есеппен алғанда-300-400 ге жуық,оның ішінде 200 бала білім алады.Ауылымыз әрине жақсы,алайда кемшіліксіз дүние болмайды демекші ауылымызда өзекті мәселе бұл-спорт кешенінің жоқтығы.Мектебімізде небір спортқа құштар балалар бар.Бұлақ көрсең көзін аш демекші жақсы бір спорт кешеніміз болса,жаттықтырушылар болса осы ауылдан қаншама атақты Олимпиада чемпиондары шығатыны анық.Қазіргі заманда балалар ұялы гаджеттерге тәуелді.Себебі ауылда басқа айналысатын ештеңе жоқ.Мектептен тыс балаларға қосымша үйірмелер қарастырылмаған.Айта кететінім осыншама халқы бар ауылда бір ғана футбол алаңы бар.Оның өзі тозығы жеткен.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балаларды қорғау жылы деп айтқанда қатты қуанғанымыз рас,мүмкін кентімізде спорт кешені немесе балалар алаңы бой көтерер деп бірақ,әлі еш өзгеріссіз.Менің айтпағым мүмкін осы мақаламның ауылыма септігі тиіп келешекте кентімізде үлкен спорт кешені салынып,ауылымыз қуанышқа кенелер.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/auylym-altyn-tugyrym
Айбибі
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.