Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ауыл мен қала

Алтаева Жания
2 мин оқу 275 оқылым

Адамдар өмір сүретін орта жалпақ тілмен қоғам деп аталады. Осы қоғамда адамдар 2 топқа бөлініп өмір сүріп жатыр. Біреулер алып мегаполисте тұрып жатса, бірі ауыл атты шағын мемлекетте тіршілігін жасауда. Ауыл мен қала қоғамның, нақтырақ айтқанда, мемлекеттің маңызды құрамдас бөліктері. Екеуінің де артықшылықтары мен өзіндік айырмашылықтары да бар.
Қазақтың дүниетанымында "ауыл " ұғымы берік орын алған. Тарихымыздан да, қаладан бұрын ауылдың дүниеге келгенін байқаймыз. Ауыл бұл - татулығы мен бірлігі жарасқан бір шаңырақ астындағы жұртшылықтан құралған қонақжай мекен. Таумен көршілес орналасып, жасыл жамылған жерге табан тіреген ауылдың өзге елді мекендерге ұқсамайтын өз ерекшеліктері жетерлік. Ауылдың тіршілігі таңмен таласа оянған халықтың түліктерін табынға қосуымен бастау алып, сонау кешкұрым күнмен бірге батады. Ауылдағы бітпейтін тіршілікке бой үйреткен адамдар әрдайым қозғалыста болады. Әлеуметтік әлемнен тыс шығып, ауылдың таза ауасымен бетпе-бет келгеннен артық не бар?! Сонымен қатар, ауылдың дәстүрі тым бөлек, ғажап өмір! Ал қала болса, биік ғимараттар мен зәулім үйлерден тұратын, көлемі ауылға қарағанда ауқымырақ келетін шаhaр. Қаланың архитектуралық құрылысы оның ауылдан ең негізгі айырмашылығы болып табылады. Бұл алып мегаполистердің басты ерекшелігі - заман ағымына сай мәдениетінің дамып, мүмкіндігінің артуында. Шындығында, қалада адамдар үшін дамуға, өсуге, жұмыс жасауға мүмкіндік көп. Ал ауылда жұмыс іздеу қиынға соғуы мүмкін, өйткені мүмкіндік аз. "Дамыған заман" термині осы алып шаhарларға тән болса керек. Қаладағы өмірдің де ауылдағы секілді бітпейтін тіршілігі бар. Толассыз көліктер қозғалысы мен бір жерге асыққан адамдар. Бұл жерде халық тұрақты жұмыс тауып, жақсы табыс көзіне жете алады. Көбінесе қалада техникалар қарқынды дамыған десек артық емес. Пайдасымен қатар, аталмыш елді мекеннің "минустары да" жоқ емес! Айтқандай, қалада көп көлік пен зауыт-фабрикалар болғандықтан, олардан бөлінген түтін мен улы газдар ауаның ластану ықтималдығын арттырады. Оның салдары ауаға ғана емес, сол ауаны тұтынатын адамдарға кері әсерін тигізетіндігін жоққа шығармаймыз. Ауылдың ауасын таза деуге де басты себеп осы болар!
Қандай жер болмасын, адам игілігі үшін жасалғанын ұмытпаған абзал! Ауылдың да, қаланың да маңызы өте басым!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алтаева Жания

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Алтаева Жания Жарасқызы

Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүрміз» әңгімесіндегі баспана мәселесі мен жас отбасының жағдайы туралы 11-сынып оқушысының ой-толғамы.

Алтаева Жания 1 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Мамандық таңдау

Мәтінде мамандықты таңдағанда адамның қабілеті мен қызығушылығын ескерудің маңызы, сондай-ақ еңбекке ынта мен өз ісіне сенімді болудың жетістікке ықпалы баяндалады.

Алтаева Жания 1 мин 40 оқылым
Жалпы рубрика

Экология

Мәтінде экологияның маңызы, қоршаған ортаға төнген мәселелер және табиғатты қорғаудағы адамның жауапкершілігі баяндалады.

Алтаева Жания 2 мин 35 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым