Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ауыл газеті ( қазіргі Қостанай обл. газеті)

Автор

Айнур Анламасова
2 мин оқу 85 оқылым

Ауыл газеті – Қостанай губерниялық партия комитеті мен губаткомының органы ретінде 1923 жылдың 1-қыркүйегінде шыға бастаған басылым.  Газеттің алғашқы сандары Челябі қаласында басылған.
Алғашқы редакторы – М.Сералин, ал жауапты хатшысы – Б.Майлин болған. М.Сералин 1923 – 1926 жылдар аралығында редакторлық қызмет атқарды. Сол жылдары Казан, Орынбор, Уфа қаласынан әріп, басқа да құралдарды алып келіп, газет Қостанай қаласынан шыға бастаған. Троицк қаласының тұрғыны М.Ибрагимов өз естелігінде  «Қостанайдан шығатын қазақша газетке бізді Сералин шақыртты. Ол кезде әріптер арапша еді. Алғашқыда оны салатын касса болмады да, сол кісінің айтуымен үлгісін өзіміз сызып беріп, қолдан жасаттық» дейді.
Газеттің негізгі міндеті ауылды кеңестендіру, жұмысшы-шаруа одағын күшейту, өкіметтің қаулыларын шаруаларға жеткізу болды. “Ауылдың” алғашқы нөмірінде зябь жыртудың пайдасы, Қостанайда кітапхана, педтехнумның ашылғаны туралы жаңалықтар жарияланған. Газет халықтың мәдени-әдеби, қоғамдық-әлеуметтік дүниетанымын жетілдіруге, олардың саяси сауаты мен көзқарасына зор ықпал етті. Қоғамдық санаға қозғау салуда жазу өнерінің айрықша күш екеніне көз жеткізді. «Ауыл» газеті қоғамдық-әлеуметтік ой-пікір орталығына айнала бастаған.
1924 жылғы газеттің нөмірінен сауатсыздықты жою, ауылшаруашылығы, кооперация, оқу, сайлау мәселелері, мектептегі сауық кештер секілді мәдени-ағарту саласындағы мақалалардың өзекті тақырып болғандығын байқаймыз. Ал 1925 жылғы басты тақырыптар  ауылды кеңестендіру, “Қосшы” ұйымын құру, егін және мал шаруашылығынын өнімін арттыру болды.
1925 жылы Б.Майлин Қызылорда қаласындағы республиуалық баспасөзге ауысты. “Ауыл” газетіне қаламы қарымды тілші М.Жақсылықов алынды. 1928 жылы газет округтік газет болып, “Колхоз жолында” деп аталды. Гезттің 1930 жылғы санында Мұхтар Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасы туралы рецензия жарияланған екен.  Содан соң 1932 жылы атауы “Социалды еңбек” болып өзгертілді.
1935 жылы  29 шілдеде Қостанай облысы құрылғаннан бастап, облыстық баспасөз органы ретінде “Социалды еңбек” газеті “Сталин жолы” деген атпен қайта басылды.  1936 жылы “Большевиктік жол”, кейін “Коммунизм таңы” деген атпен шығып тұрды. Қазіргі таңда “Қостанай таңы” деген атпен шығады.
Басылымның өңірде беделінің жоғары болып, халық тұрмысына оң әсер ете алуы қазақ публицистикасының негізін қалаушы Мұхамеджан Сералиннің арқасы еді. Сондай-ақ, Бейімбет Майлиннің үлесі жоғары болды.
Басылымға әр жылдары басшылық жасаған Тумыш Сарходжаев, Зиябек Рүстемов, Қайыржан Бекқожин, Беген Байсақалов, Сапаржан Хайдаров, Сейiт Әбдiбеков, Бақытжан Жангисин, Сержан Үсенов, Салық Молдахметов, Бақытжан Нұрмұхамедов сияқты көрнектi журналистер болды. Қазіргі таңда “Қостанай таңы” газетінің бас редакторы – Кенжеш Аманова.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.   Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008).- Алматы: Білім,2010. – 308 бет.
2.   Жанұзақ Аязбеков. Сералиннің ауылы // Ана тілі, 17 қараша 2022ж.
3.   https://kostanaytany.kz/page/685/?np=00015292&nl=2&tp=N&na=ARC&sR=01026998&npMWp=53553673
22 сәуір 2023 ./ Интернет көзінен.

Айнұр Аңламасова
Журналистика 1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айнур Анламасова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин