Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 77 оқылым

"Барып едім, жоқ екен, айтып едім, келем деді, Келмегені келгені ғой, келмесе егер келер еді". Бұл жұмбақ емес, екі адам ғана түсіне алатын ұғым, сөйтсе де, әлдекімдерді "Бұл не дегені екен?",-деп терең ойға қалдыратын ұғым. Мұны айтқан 7-8 жастағы жеткіншек еді. Ойын-тойға келген жігіт өзінің сүйікті қызын жиынға шақыруға әлгі баланы жұмсайды. Бала барады, қыздың шешесі үйінде жоқ екен. Шешесінен рұқсатсыз ешқайда баспайтын қыз: "Шешем келеді, рұқсат берсе, барамын, ал бермесе бармаспын" - деп сәлем айтады. Бала қайтып келсе, жиын-той басталып кеткен. Жұмсаған жігіт топ ішіне түсіп кеткесін, бала "қыз келмейді" деп, баттитып айтудың орнына, басқалары түсінбеуі үшін әдейі астарлап, жоғарыдағы ойын тақпақтап айтады. Мұны тек жігіт қана ұғынады.Біздің қазіргі жас жеткіншектеріміз де астарлы сөйлеуге осылай дағдыланса ғой, шіркін!
Астарлау ой жасыру eмес, арнайы түсінетін кісілерге бағытталған тұспалдау, уақытша ғана ойды құпиялау. Астарлап сөйлеу - отырған адамдардан ой бүкпелеу емес, олардың әзірше ғана түсінбей қалуы үшін, ой иесінің өзіне ғана керекті адамның түсінігіне сай ыңғайлап айтылған, әдейі қолданылған ымы, меңзеуі (ойы, ұғымы).
Астарлап сөйлеу - халқымыздың сөйлеу мәнері. Бұл тек сөйлеу шеберлігімізді ғана емес, сөйлеу мәдениетімізді де танытатын, ойлау қабілетімізді аса тереңдететін құбылыс. Өне бойы қарттарымызды тыңдап өскен қаршадай азаматтарға да үлгі боларлық, тіпті кісі қызығарлық қисын. Кезінде "Қалай, қалай сөйлейді" деп, таңданған да едік. Әсіресе, жастарды терең ойлауға машықтандыратын еді.
Сабан айдап жүрген жігіттің қасынан екі аттылы: біреуі жас қыз, екіншісі мосқал тартқан адам өтіп барады.Оларды көріп, әлгі жігіт: "Пай-пай, мына қыздың астындағы жорғасын-ай, қасына кеткен жолдасынай!" - деп таңданады. Жорғалы қыз сәл кідіріп: жігіт-ау, әй, жігіт! Аңдысын-ау, аңдысын, аңдап сөйле сонғысын, бұл жігіттің шешесі менің шешемнің қайын енесі, сонда мен бұл жігіттің несі? - деп жауап береді. Мұны естіген жігіт ұялғаннан жерге кіріп кете жаздайды. "Аңдамай сөйлеген - ауырмай өледі": деген мақал осындай тәжірибеден алынған болса керек.
Көз қысу да, ым да, иықтың әр түрлі қимылы да, бас шайқау да, көз аларту да, қол сілтеу де бір кездерде (осы қимылдардың тілдік атауы болмаған кезеңдерде) мифтік ұғымға ие болып, сол ұғым халқымыздың әлі де болса кәдесіне жарап келеді. Бұл ерте заманғы "сөйлеу" мәнері. Осындай қимыл құбылыстарына түсінген халық, сонымен "сөйлеуін" жалғастырп келе жатқан қазағым ой тереңдету мақсатында астарлы сөйлеуді де ертеден бастады. Соған келешек ұрпағын да баулып келді. Бірінің-бірі ойын сөйлемей-ақ ұғынатын халық отырған-тұрған қалыбынан түсінетін, бет әлпетінен ұғынатын-ды, қайғысын түсінетін, күлімдеуінен әр түрлі жағдайын байқайтын еді.
Сөйлеуіміз ымнан басталып, содан әрі қарай тереңдей берді. Өйткені айналадағы құбылыстар мен заттарға арнайы атаулар пайда болды, ол атаулар сол заттардың мағынасын ашты, мағыналары да күрделі түсініктермен беріле бастады, тіл мәдениеті өнерге дейін көтерілді. "Өнер алды қызыл тіл" деді. Данышпандар өз ойларын көркемдей түсті, біздің ойымызды поэзиямызға жақындата бастады.

Авторы
Ғазиза Әмірбек

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 15 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 73 оқылым