Мазмұнға өту

Астана - болашақтың қаласы

Aiken Turganbek 5 мин оқу 93 оқылым

Aiken Turganbek

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Мемлекет басшысы

«Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінің екі мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш. Әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы дейді. Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін».

Президент Астананың 25 жылдық мерейтойына
арналған бауырлас қалалар форумына қатысып, сөйлеген сөзінен.

Жиырма бес жыл, ширек ғасыр ішінде Астана – Еуразия құрылығындағы ең әсем қалалардың қатарынан саналуда. Астана – бүкіл әлемдегі 200 — ден астам шет мемлекет басшыларының басын қосып, келелі жиын өткізетін диалог алаңына айналды. Жыл өткен сайын Елорда халқының саны артып, астананың инфрақұрылымы кеңейіп, шетелдіктердің көруге қызығатын қаласына айналуда. Біз – жастар Республикамыздың астанасының жаңа белестері туралы жақсы білеміз. Оның өркениетке қарай дамып келе жатқан әрбір сәтінің куәсіміз. Еліміздің  қалаларын айтпағанда, түкпір-түкпірден келіп, болашақтың қаласын араламаған балалар мен жасөспірімдер кемде – кем шығар?!
—Президент Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумына қатысып, Астана мәртебесіне айрықша тоқталды, — деп хабарлайды Akorda.kz кеше өткен форум туралы. Қасым – Жомарт Тоқаев бұл бастаманы жүзеге асыру оңай болмағанын, қиын кезеңде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі маңызды болғанын атап өтті.
Ол осындай қиын жағдайда Жоғарғы кеңес тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді деп атап өтті.Тоқаев бұл шешім геосаяси тұрғыдан да өте дұрыс қадам болғанын тілге тиек етті. Сол үшінде тұңғыш президенттің еңбегі лайықты бағалануы қажеттігін еске салды.
«Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек», — деді Мемлекет басшысы.
Мен де қолыма қалам алып, Астанаға өз лебізімді білдірмек ниетте жазылған дүниелерді ақтара бастады. «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» порталында жарияланған «Ежелгі Астана және Кемел Ақышев» — деген зерттеу мақала маған көп мағлұмат берді. Бұрын білмеген тарихи ақпараттармен таныстым. Авторы — Әйгерім Жүсіпова, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жинақтау, есепке алу және сақтау қызметі, жинақтау және жаңа түсімдер бөлімінің сарапшысы.
Шежірелі Сарыарқа төсінде салтанат жа­­рас­тырған үшінші мыңжылдық қа­ла­сы – абат Астана тарихында ежел­гі дәуір мәдениеті мен бүгінгі жаһандану өркениетінің берік са­­бақтасқандығы дәл қазір талассыз ақиқат. Киелі Түркістан, шежірелі Тараз, ақ күріштің қойнауы сыр елі – Қызылрода. Кенді Алтай, ел байлығы астықты өлке – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысы, қара алтынның кені мұнайлы өлке маңғаз Маңғыстау, елімнің батысы,  көмірдің орталығы – Қарағанды туралы айта беруге болады. Қай өлкені алсақта, атырабы ғалымдардың зерттеуі бойынша тұнып тұрған тарих.
Астана бой көтерген Сарыарқа төсінің де тарихы тереңде жатыр екен. Қала маңында бұрын Астана аттас қала болға­нын бірнеше тарихи деректер дәлелдейді. Мәселен, орыстың атақты жазушысы һәм тарихшысы Николай Карамзин өзінің «История государства Российского» атты еңбегінің 11-ші томында қазақтың ханы Қасым ханды Батығай мавзолейінде жерленген деп жазған. Ежелгі қала Батығай туралы Шоқан Уәлиханов та өз жазбаларында мәлімет қалдырған. Ал Кеңес өкіметі тұсында академик Әлкей Марғұ­лан басшылық жасап, Батығай орнында археологиялық қазбалар жүргізді. Бертін келе, еліміз егемендігін алған тұста, осы жерден ғалымдар арғын тайпасының таңбасы бар «көзді» шаршы кірпіш тапқан болатын.
Зерттеулерге сүйенсек, Ақмола атауына қатысты мынадай қызықты мәліметтер кезіктіруге болады. Ғұн империясының көсемдері кезінде Сарыарқаның төсінде, Нұра мен Есіл өзендерінің арасында жатқан Тайтөбенің үстіне қамал салып, оны «Ақмола» деп атапты. Ғұндардың тілінде «ақ» сөзі – батыс, «мола» – қамал ұғымын білдірген. Сонда Ақмола атауы «Батыс қамал» деген сөз болып шығады. Бұл ғылыми тұжырымды алғаш жазбаша дәлелдеген – Византия ғалымы Прокопий. Оның бұл туралы жазбасы 1939 жылы «Вестник древней истории» журналында басылған көрінеді. Кейін тарихшы Ғалым Қайратхан қытайдың көне жазбаларына сүйеніп, бұл түйіннің дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеп өтті. Жалпы алғанда, елорданың маңында бұрын атауы ғасыр легімен өзгерген жиырма қала болғанын археолог әрі өлкетанушы Василий Солочински 1955 жылғы зерттеулерінде жазған болатын. Яғни Ақмола – «Батыс қамал», Сұлу там, Сырлы там, Хан сүйегі, Бозақ, Батығай… секілді қалалар болғаны еш күмән тудырмайды, — дейді Ә.Жүсіпова.
Әлихан Бөкейханның «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласында Потаниннің «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деп бастама айтып кетіпті. Нұра мен Есіл өзендерінің сағасындағы ортағасырлық қалалар туралы алғашқы деректер Ресей империясы Бас штабының тапсырмасы бойынша 1816 жылы Есіл мен Нұра аумағын зерттеген кен инженері Иван Шангиннің күнделігінде келтірілген. Астана қаласы төңірегінде орын тепкен Бозоқ қаласының орны тек еліміздің астанасы Алматыдан Астанаға көшірілген кезеңде анықталды.
1997 жылдан бастап археолог Кемел Ақышев Нұра мен Есіл өзендерінің барлық тармақтары бойына зерттеулер жүргізді. 1998 жылы Бозоқ қаласының орнын тауып, 1999 жылы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Есіл археологиялық экпедициясының жетекшісі Кемел Ақышев болатын.
Бозоқ қаласы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бозоқты көлінің шығыс жағында, Есіл өзенінен өтетін дәстүрлі өткел – Қараөткелден оңтүстік-шығыс бағытқа қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі кезде бұл археологиялық нысанның аумағы Астана қаласының шеңберінде қалған. Бозоқ қалашығы – тұрғын үй өндіргіштік және мәдени құрылыстардан тұратын өте күрделі көп компонентті ескерткіш. «Бозоқ» – түркі-оғыз термині. Яғни көне түрік мемлекеттерінің әкімшілік құрылымының шығыс бөлігінің атауы.

Республика бойынша Астана күні мереке болып аталып өтеді. Еліміз халқы, оның ішінде жастары бұл мерекені асыға күтеді. Мен де сол жастардың қатарына қосылған бір өрені боламын. Еліміздің амандығын тілеймін. Жаратқан халқымызды айтпай келген апаттан сақтап, жастардың арман – мақсатының орындалуына мүмкіндіктер ашылсын. Мемлекетімізге көршілес жатқан елдердің ниеті түзу, ойы бұзылмасын. Аспанымызда көк Туымыз желмен жарыса көкке өрлесін! Балалар бақытты болсын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Aiken Turganbek

Автордың басқа материалдары

Жаңалықтар

Жасыл экономика және оның Қазақстандағы дамуы

Айкен Турганбек Жасыл экономика бүгінде әлемдік деңгейде маңызды бағытқа айналып отыр. Ол қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтып, экономикалық дамуды табиғи ресурстарды сақтай отырып іске асыруды көздейді.…

Aiken Turganbek 64 оқылым 3 мин
Жаңалықтар

Қазақстандағы инфляция деңгейі

Инфляция – экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылатын нарықтық экономиканың өзіне тән құбылысы. Ол кез келген елдің экономикасына әсер ететін құбылыс, әрі көптеген факторлармен байланысты. Соңғы жылдары…

Aiken Turganbek 74 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Өнер алды қызыл тіл

«Ғалымның аты, жақсының хаты өлмейді», деп ата- бабаларымыз текке айтып кетпеген. Осындай сөз қалдырған дана халық, дана нақыл сөздердің, шешендік ойлы сөздердің ешқашан қадірі кетпейтін қазына екенін айтып кеткен. Сан…

Aiken Turganbek 28 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин