Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ас мәзірі

Bilimger Media
3 мин оқу 347 оқылым
Сабақтың тақырыбы Ас мәзірі

54-сабақ

Мектеп: №26 орта мектебі
Мұғалімнің аты жөні: Нурмуханова Гулжанат
Сынып: 4
Күні:
Дағды Оқылым және жазылым, айтылым
Оқыту мақсаттыры О. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.

О.4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

А.4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті(4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.

4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді(менің түсінігім бойынша,.. оның пікірінше,.. оның айтуынша,..,кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау

Ж.4.4.1.1  Келер шақ формасында сөйлем құру.

Тілдік міндеттер Даяшы, аспаз, күріш, шырын,  қарақұмық, асбұршақ.
Алдыңғы білім Кондитерлік зауытта
Сабақтың барысы
С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қар.қат Оқыту ресурстары
Кіріспе Оқушылaрдың caбaққa дaйындығын текcеру. Көтерiңкi көңiл күй oрнaту үшiн «Сәлемдесу», «Күлкілі сурет» әдістерін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

 Бөлімді естеріне түсіру мақсатында

-Балалар, біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз?

-Қандай мамандықтар түрін өттік? деген сұрақтар қойылады, тақтаға суреттер ілінеді,әр топтан екі оқушы шығып таныстырады. Қосымша

-Бұл қандай мамандық иесі?

-Олар не істейді?

-Қайда жұмыс істейді деген сұрақтарға жауап береді.

«Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс беріледі

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.

1. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

2.Қандай тағам түрлерін білесіңдер?

3. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

4. Тағы не үйренеміз?

Сұрақтарға белсенді жауап берген балаларға мадақтау ретінде қағаздан қиылған жұлдызша беріледі.

 Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

 (Ұ) Сөздік жұмыс:даяшы, аспаз, күріш, шырын,  қарақұмық, асбұршақ.

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

4. Сөйлемдер құрастыру

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.

Оқылым тапсырмасы:

«Оқы» айдарымен ұсынылған тапсырма түсініктемесі:

Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған.Мұғалім оқушыларды мәтінге назар аударуын және рольге бөліп оқу керектігін түсіндіреді. Сонымен бірге берілген мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару қажеттілігін ескертеді. Диалог мазмұнымен танысқаннан кейін, мына сұрақтарға жауап береді:

1.      Өркен мен Ару қайда отыр?

2.      Олар қандай тағам алғылары келді?

3.      Даяшы қандай қателік жіберген?

3 мин Мұғ-Сынып                           3 -мин                                     3-мин                                          5-мин                                  5-мин Суреттер

Суреттер

Оқулық

Сөздік

Оқулық

оқулық

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда не қиын болды?

«Есте сақта» айдарымен ұсынылған тапсырмада сөйлемдерді оқып, мағыналық өзгешелігі мен ұқсастығын табады.

«Жаттық» тапсырмасын орындауда оқушыларға  мәтін  беріледі. Мәтіндегі сөздерге тиісті қосымшаны жалғап, өзгертіп жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, келер іс-әрекетті қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуге ықпал етеді.

1-топқа: Сен байқауға (қатысу). Жұлдыз қазақша би (билеу).

2-топқа: Қанат ертең Алматыға (бару). Мен анамды (құттықтау).

Кері байланыс «Үш шапалақ» арқылы жүргізіледі.

6-мин Мұғалім-сынып Оқулық

тақта

«Сұрақ қой» айдарымен ұсынылған тапсырма «Қар кесегі» әдісі арқылы жасалады. Әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

Менің атым-Асқар. Ал мынау- біздің сүйікті мейрамхана. Мейрамхана «Жұлдыз» деп аталады. Біз осы мейрамханада тамақтанғанды  ұнатамыз. Себебі мейрамхананың тағамдары өте дәмді. Маған мейрамхананың әзірлеген салаттары ұнайды. Дастархан мәзірінде балықтан жасалған тағамдардың түрлері көрсетілген. Анам қызыл балыққа тапсырыс берді. Анама балықтан жасалған тағам ұнады. Інім өзіне шырын алды. Әкем шұбатқа тапсырыс берді.

7 мин Мұғ- сын Ақ қағаз

Үлестірмелі карточкалар

«Ойлан» айдарын орындау үшін оқушылар шағын көрініс қояды. «Мейрамханада» тақырыбында әкімшілік, даяшы және қонақ арқылы шағын диалог жүргізу. 7-мин
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар берілген белгілердің біреуін қоршап көрсетіп, тақтаға жапсырады.

? – сұрақтарым бар.

! – тақырыпты түсіндім.

3 мин Сынып-мұғалім (? ! ) белгілер салынған парақтар
Оқушылардың тақырыпты  қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты  қаншалықты  мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың  өн бойында  қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы  тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін  бағалаулары  болуы  керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.

Бағалау критерийлері

·         Жаңа сөздерді меңгереді.

·         Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді

·         Тақырып бойынша сұхбатқа түседі.

·         Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады

Пәнаралық байланыстар

көркемеңбек

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым