Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

АРУЖАННЫҢ АЛАР АСУЛАРЫ АЛДА

Bilimger Media
1 мин оқу 29 оқылым

АРУЖАННЫҢ АЛАР АСУЛАРЫ АЛДА

Семен Аружан Мырзабайқызы 1999 жылы Атамекен ауылында туған. «Жібек жолы» мектебінде білім алып, 9-сыныптан кейін Ғани Муратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіне агылшын тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп аяқтады және Шымкент университетінде жоғары білім алды. 2020 жылы Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы білім беретін мектепке жұмысқа орналасты.

Аружан мектепке келе сала ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен тез тіл табысып кетті және өзінің белсенділігімен көзге түсті. Білімді де өнерлі қыз Аружан, 2022 жылы мектепішілік «Үздік жас маман - 2022» байқауына қатысып І орынды жеңіп алды және Жетісай ауданының кәсіподақ комитетінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. Сол жылы «USTAZ – MEKTEP TIREGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында  «Бастауыш сынып балаларының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында көлемді мақала жариялап, тәжірибесімен бөлісті. Биылғы оқу жылында «ІІІ Ыбырай жазулары» облыстық байқауының аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды иеленді. Республика күніне орай мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылғы қараша айында Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қанекей, тілім, сөйлеші» атты аудандық байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деген екен ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов.

Осы орайда мектеп әкімшілігі мектептегі жас маман Семен Аружан Мырзабайқызы алдағы уақытта да ізденуден, оқудан, оқытудан талмай, шаршамай шыңдала береді деп сенім білдіреді. Біз оның және шәкірттерінің талай жетістіктеріне, жеңістеріне куә боламыз. Өйткені, Аружанның алар асулары алда! Білім көкжиегінде самғай бер, білім саласында қанатың талмасын, әріптес! Біз сені қолдаймыз!

Юсуп Давлатов

Мектеп директорының бейіндік оқыту және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым