Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Арақ құйып көрге сүйрегенше,қымыз құйып,төрге сүйре!

Гулим Совет
2 мин оқу 79 оқылым

Гүлім Совет

Тақырыбы: Арақ құйып көрге сүйрегенше,қымыз құйып,төрге сүйре!

Арақ құйып көрге сүйрегенше,қымыз ұсынып төрге сүйре!

Қазақ деген халықтың қонақжайлылығын, мейірбандығын, көңілінің ашықтығын, еш нәрседен аянып қалмайтының,қолындағының бәрін бере с алатын айта бергің келеді ғой, шіркін! Шаңырағына келген қонағын құдайындай сыйлаған халық. Қашан да бар тəттісін алдына қойып, сый-құрметтің ең биігіне бөлеген. Ал бүгінгі таңда қонағымызға сый-құрмет көрсетіп , барымызды салып жүрміз бе? Келген қонағыңа арақ құйып көрге сүйрегенше, қымыз ұсынып төрге сүйре, шапан жап, сөйтіп алғысқа бөлен!

Өкінішке қарай, Совет үкіметі заманында өскен ағаларымыз бен əпкелеріміздің көбі дерлік "өзгені сыйлау" дегенді "арақ құю" деген тіркеспен синоним етіп алған. Үйіне кім келмесін, қазысынан бұрын арағы дайын тұратын қаншама отбасын көрдім және көріп те келемін. Əлгісін шығармаса, құймаса, сені адам құрлы көрмей тұр деген түсінік қалыптасып кеткен сірә. Үйіне қонақтап барған туысы, досы да сол бір ащы сусыннан дəметіп тұрады екен. Сол арқылы өзінің сол отбасы үшін қаншалықты сыйлы екенін біле алады. Кез келген үйдің сөресінде спирттік сусын болуы тиіс, əйтпесе, қандай туған күн, қандай мейрам, қандай кеш? Онсыз дұрыс қызбайды екенсің, ал қызбасаң, кештің сəні кірмейді-мыс.Қаншама азап, бəле-жала сол бір арақтың кесірінен болып жатты. Кей жандардың өмірін жалмады (өзім куə), кей отбасының шырқын бұзды, нағыз берекесіздіктің бастауы да сол ащы сусыннан. Бір өкініштісі, соның бəрін олар жақсы біледі, бірақ қабылдай алмайды немесе мойындағылары келмейді.Заманның сондай ащы суға байланып қалғаны ма? Бәрін қызбалыққа салған осы ащы суды жаны қалаған адамды тыю мүмкін бе? Басқа да себептері бар шығар, кім білсін! Не де болса, ес жиятын кез-келді. Қымызын ішіп, қой бағып жүрген қазақтың санасын арақпен улаған Кеңес үкіметінің саясатына тоқтау салу керек.Айналайын, ағатайларым, əпкелерім! Арақтың денсаулыққа зиян екенін айтпасам да, түсінетіндеріңізге шүбəм жоқ. Бұл - бір. Бүгінгі таңда адамның бəрі оқыған, сауаты бар, түсінеді. Алланың да барын, оның парыздарын, қандай асты халал-харам етіп ара-жігін ашып қойған. Бұл - екі. Сол ащы сусынды ішіп алып, бір-біріне айтқан тілектері ше?! "Осы айтылған тілектер періштенің, Алланың құлағына шалынсын!" деп қояды естерін білмей. Арақ ішілген шаңыраққа періштеңіз көз қырын да салмайтын шығар, құлақ түрмек түгілі.

Қорытындылай келе,Мәшһүр Жүсіп атамыздың осы бір болжамы қазіргі сүріп жатқан өмірімізбен тұспа-тұс келеді: "Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады" деп болжаған екен.70жыл бойы Алланың атын ұмытып ,әлі ырғалып жүргендер қаншама? Қазақтың маңдайына біткен салт-дәстүрін ұстан,дәріпте,келген қонағыңа арақ құйып көрге сүйрегенше, қымыз ұсынып төрге сүйре, шапан жап,ат мінгіз, сөйтіп алғысқа бөленсен ,қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалар күнде алыс емес!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гулим Совет

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым