Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер!

Автор

Тұғырова Жазира Абдоллақызы
4 мин оқу 1 042 оқылым

Тұғырова Жазира Абдоллақызы

Сабақтың  мақсаты: Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері. Мінез - қылықтары. Түйсігі. Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы толық мағлұмат беру. Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Көрнекіліктер: бунақденелілер жинақтамасы, бунақденелілер суреттері, интерактивтік тақта.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың жоспары:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі – «Өрмекші  стратегиясы – Мен саған тілеймін» тренингі
  • ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру – Лотерея  ойыны
  • ІІІ. Үй тапсырмасын  бекіту
  • IV. Қызығушылық ояту
  • V. Жаңа сабақты  түсіндіру – «Кереге  керу»
  • «Шаңырақ көтеру» - «Кубизм әдісі» \жұптық  жұмыс\
  • VII. «Уық шаншу» - «Сандар сыры»  \топтық  жұмыс\
  • VIIІ. «Туырлық жабу» - «Жұмыс дәптермен  жұмыс» \бекіту\
  • ІX. Бағалау
  • X. Үйге тапсырма

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі – «Өрмекші  стратегиясы – Мен саған тілеймін» тренингі   2 мин

Оқушылармен  амандасу,  түгендеу.

Ынтымақтастық  атмосферасын  тудыру  үшін – «Өрмекші стратегиясы – Мен саған тілеймін» тренингі (оқушылар  бір – біріне  тілек  айтады)

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру – Лотерея  ойыны   7  мин

13 – Бунақденелілер класы  неше  класс тармағына бөлінеді? (екі, туақанатсыздар  және  қанаттылар  класс  тармағы)

5 – Бунақденелілердің  денесі  қандай бөліктерден  тұрады? Олардың  қаншаға  жуық түрі бар? (денесі  айқын  үш  бөліктен  құралады \бас,  көкірек  және  құрсақ  бөлімдері\)

7 – Шала  түрленіп  дамитын  бунақденелілерге  қандай  отрядтар  жатады? (турақанаттылар, тарақандар, дәуіттер, инеліктер, биттер  отряды)

  • – Адам мен  жануарларда  паразиттік  жолмен тіршілік  ететін қандай  бунақденелілерді  білесің?   (бүрге,  бит, қандала)
  • – Бунақденелілердің  табиғатта  рөлі  қандай? (Үлкен  рөл  атқарады. Егер  ол  өсімдіктерді  тозаңдырмаса,  табиғат аясынан  сан  құбылып,  көздің  жауын  алатын  түрлі  өсімдіктерді  кездестіре  алар  ма едік? Топырақтан  із  қазып,  оны  қопсыту  арқылы топырақ  түзуге қатысатын  бунақденелілердің  пайдасы  өте  зор)

ІІІ. Үй  тапсырмасын  бекіту - \карточка  таратылып  беріледі\   5 мин

  1. Қызығушылық ояту 1  мин

А) Сіздер  білесіздер  ме? Бұлар  жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) болып табылады  және  тағы  бір  түрі  ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды

Ә) Бұлар  еңбекқор жұмысшылар және өз салмағынан  150 есе ауыр салмақты көтере алады

Б)Еңбек етпейтін  жалқауларды  талап өлтіреді екен.

Сұрақ:  Бұл  қандай  жәндіктер?

V .Жаңа  сабақты  түсіндіру – «Кереге  керу»   10 мин

Құмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады.

Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.

Ара,үй арасы, бал арасы –жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.

  1. «Шаңырақ көтеру» - «Кубизм әдісі» \жұптық жұмыс\   5 мин
1 – жұп: Зерттеңіз Аралар  мен  құмырсқаның  құрылысы
2 – жұп:  Суреттеңіз Аралар  мен құмырсқаның  даму  сатысы
3 – топ:  Салыстырыңыз Аралар мен құмырсқалардың  айырмашылығы  мен  ұқсастығы

VII. «Уық  шаншу» - «Сандар сыры»  \топтық  жұмыс\    5  мин

3 17 300
70 2 5000
6 150 35

3 –  дамуы   үш  түрлі  жолмен  өтеді

17  –  бунақденелілерді  ғылыми  зерттеу  17 ғасырдан  басталады  деп  есептеледі

300 –  араның  салмағы  150-300мг  жетеді

70 -  құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент бар

2 –   екі  класс  тармағына  жіктеледі:  туақанатсыздар  және  қанаттылар

5000 -   құмырсқалардың 5000-ға   жуық   түрі   бар

6 –  бунақденелілердің   барлығы  алты   аяқты

  • – әрбір құмырсқа  өзінің  салмағынан  150  есе  ауыр  нәрсені  илеуіне  әкеле  алады  екен

35 –   бунақденелілер  класында     отыз  бес  отряд  бар

VIIІ. «Туырлық  жабу» - «Жұмыс дәптермен  жұмыс» \бекіту\     5  мин

ІX. Бағалау  -  «Өзін – өзі  бағалау  парағы»      5 мин

  1. Үйге тапсырма – «Аралар мен  құмырсқалардың  қоғамдық  бөлінуі »

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тұғырова Жазира Абдоллақызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 175 оқылым 4 мин
Биология

Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Биология пәнінің оқытушысы ЖШС «Кентау колледжі» Аннотация Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.…

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна 44 оқылым 6 мин
Биология

STEAM әдістемесін қолдана отырып биология сабағында жобалық жұмыс ұйымдастыру

Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ КММ Биология мұғалімі Аннотация Бұл мақалада биология пәні бойынша жобалық жұмысты STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тұғырында ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік…

Жылқыбай Айдана Сағадиқызы 230 оқылым 7 мин
Биология

Биологияның адам өміріне пайдасы

Мақалада биологияның медицинаға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғауға, ғылыми-техникалық прогреске және дұрыс тамақтануға қосатын үлесі баяндалады.

Bilimger Media 146 оқылым 2 мин