Мазмұнға өту

Арал тағдыры – адамзат тағдыры

Эрмухамедова Асема 3 мин оқу 82 оқылым

Автор: Эрмухамедова Асема

Арал тағдыры – адамзат тағдыры
Арал теңізі – кезінде əлемдегі төртінші ірі көлдердің бірі болған табиғи мұра. Оның
тағдыры бүгінде тек Қазақстан үшін емес, бүкіл адамзат үшін экологиялық дабылға
айналды. Табиғаттың тылсым күші мен адамның есепсіз əрекетінің тоғысуынан
жойылып бара жатқан теңіз – ғылым мен сананың, пайда мен парасаттың
байланыстырады.
Аралға қауіп төнуінің басты себебі – антропогендік фактор, яғни адамның əрекеті.
Кеңес Одағы кезінде Арал теңізіне құятын негізгі екі өзен – Əмудария мен Сырдария
суармалы егіншілік үшін бағыт ауыстырды. Бұл өзендерден жүздеген каналдар
қазылып, мақта егістіктері мен басқа да ауылшаруашылық алқаптарына су жіберілді.
Нəтижесінде: 1960 жылдары теңізге құятын су көлемі жылына 60 км³ болса, 1980
жылдары бұл көрсеткіш кеңінен 10 км³-ге дейін қысқарды. 2000 жылдары теңізге су
мүлдем жетпейтін жағдайға келді. Бұл көрсеткіш біздің жауапкершілігіміздің төмендігінің
дəлелі.
Зардаптарына келіп тоқтасақ,Аралдың тартылуы тек географияны емес, биосфера
мен адам денсаулығына да əсер етті. Солардың бірі - тұзды дауылдар. Бұрын теңіз
түбінде жатқан тұздар мен химиялық қалдықтар жел арқылы мыңдаған шақырымға
таралды. Соның салдарынан, Арал маңындағы 20 млн гектар жерді жарамсыз етте
отыра,жер құнарлығын жоғалтты. Оған қоса,денсаулыққа қосқан зардабыда аз емес.
Мысалы алсақ,деректер бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тыныс алу,
жүрек-қан тамыр аурулары күрт өсті. Сондай-ақ, Онкологиялық аурулар мен анемия
көрсеткіші əсіресе Қызылорда облысында бірнеше есе артты.
Арал теңізін сақтап қалуға арналған саналуан жобалар ұсынылып,тəжірибе жүзінде
сынақтан өтті. Бірақ,ішінде өзгелерден бұрын ерекше өзгеріс енгізген - Көкарал бөгеті.
2005 жылы салынған бұл бекет Аралдың солтүстік бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік
берді. Қазір Кіші Аралдың қалыптасуына өз үлесін берді. Сөзімді дəлелдейтін
фактілердің бірі- стастикалық көрсеткіштер.1960 жыл Арал теңізінде 36 алуан балық
түрі болса,2000 жылы ол балық түрлерінің түбегейлі атауы қалмайды. Ал,бекіністің
арқасында, 2020-2024 жылдардағы деректерге сəйкес, балық түрлері қайта пайда бола
бастады. Соның арқасында,балық шаруашылығы қайта іске қосылды. Не дегенменде,
1960 жылы 60 мың тонна балық ауланса, 1980 жылдары бұл көрсеткіш нөлге тең екенін
көрсетіп,жағдайдың ауыр екенін айқындатқан болатын. Қуанышқа орай,əлі күнге дейін
дүниежүзілік ұсыныстарды сынау мүмкіндігіне ие болғандықтан, Арал теңізінін қайта
қалпына келтіруге деген үміт əлі бар.
Ал біздің қолымыздан Арал теңізіне қандай көмек ұсына аламыз? Бұл орынды
сұрақтың жауабы қиын емес. Алдымен, Жасанды орман отырғызу арқылы шаңды
дауылдарды тоқтату. Бұл əдіс Аралды қайтаруға мүмкіндік бермесе де, өзге
алқаптардың құнарлығын жоюдан сақтандырады. Не дегенмен,əр қауіптің алдын алу
артық емес. Екіншіден, Тамшылатып суару секілді жаңа технологияларды қолдану
арқылы суды үнемдеу. Сол кезде ғана,біз судың қадірін түсінуге мүмкіндік аламыз.
Себепсіз төгілген судың жазасы-теңіз атауымыздан айырылу болғаны жеткілікті.

Арал теңізі – табиғат пен адам арасындағы нəзік тепе-теңдіктің бұзылуынан
туындаған ең ірі экологиялық апаттардың бірі. Бұл жағдай бізге суды тиімді пайдалану,
экожүйеге араласуда сақ болу керектігін ескертеді. Аралдың бүгінгі көрінісі – өткеннің
сабағы əрі келешекке деген жауапкершілік жүгін артатын тарихи мұра. Бірақ табиғатты
сақтау – қайтарылмас іс емес. Кіші Аралдағы оң өзгерістер үміт отын қайта жақты. Егер
ғылыми негізделген жобалар мен халықаралық ынтымақтастық жалғасын тапса,
Аралды толық болмағанымен, ішінара қалпына келтіру əбден мүмкін. Бұл – табиғатпен
татулыққа бет бұрудың бастауы болмақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Эрмухамедова Асема

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақ анимациясы: ұлттық стиль мен заманауи технологиялар

Автор: Эрмухамедова Асема Қазақ анимациясы: ұлттық стиль мен заманауи технологиялар Қазіргі кезеңде визуалды мəдениет қоғам санасына тікелей əсер ететін факторлардың біріне айналды. Əсіресе жас ұрпақтың дүниетанымы мен…

Эрмухамедова Асема 71 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Жасанды интеллект пен шығармашылық: бір-біріне қарсы ма, әлде серіктес

Автор: Эрмухамедова Асема Жасанды интеллект пен шығармашылық: бір-біріне қарсы ма, əлде серіктес Тасқа қашалып салынған суреттерден бастау алған бұл шығармашылық жол,уақыт өте ол ұшқын алауға айналды: поэзия мен сурет,…

Эрмухамедова Асема 48 оқылым 2 мин
Өлеңдер

Тіл

Тіл 11”Ә” Эрмухамедова Асема Қарны тоқтың,хамі жоқ Тілі жоқтың,өзі жоқ. Сабақталған бұрма сөз, Арасында өз тілі жоқ. Тіл жайлы не айтайын? Қарапайым әріптер, Қосылмады еш басы бір. Саны көптік еті ме ,өзге тілден бір?…

Эрмухамедова Асема 24 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин