Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әр істе мән бар...

Зинуллақызы Ақжан
1 мин оқу 48 оқылым

 "Ішіп-жеп, ұйықтап-ояну өмірдің негізгі мәні бола алмайды." Лев Толстой.     

Бұл ғаламға келген әр адамның биік мақсат, мұраты осынау дүниенің мәнін іздеуге, соны ұғынуға көмектесері анық. Дәлірек айтқанда,өмірдің мәнін білмеген адамда биік арман-мақсат болмайды. Ал "Өмірдің мәні не?" "Адамзаттың осы өмірге келгендегі парызы не?", " Адамға тіршіліктің керегі не? " деген секілді сұрақтар өзімізге жиі келіп, ойландырып жатады. Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін алдымен адам баласының мақсатының, арманының мәнін ашып алсақ.

Адам баласы көбінесе қарабасының қамын ойлап, "ел ішпегенді ішсем, жұрт кимегенді кисем, шалқып өмір сүрсем" дейді, осыны арман мақсат қылып, тыраштанады. Бірақ бұның барлығы бос дүние, себебі адамзат бұндай арманға жетседе, бақытты бола алмайды.

Ал егерде дұрыс ниет етіп биік мақсат пен мұратқа жетіп, өмірдегі өз пайдаңды халқыңа, жақындарыңа, отбасыңа арнасаң сенен артық өмірдің мәнін ұғып, бақытты болған адам болмас еді. Тіптен өмірдегі парызыңды өтей алар едің. Сондықтан ізгі істі мұрат етсең бәрі жақсы болары хақ. Міне аталған сұрақтарға бір ғана жауап: арман-мақсатты дұрыс ниетпен қойған жөн, яки дұрыс ниет- еліме адал қызмет етсем, халқыма пайдам тисе, жақындарымды қуантсам деу екендігін ұмытпа.

Әлихан Бөкейхан атамыз: "хан баласында қазақтың хақысы бар, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деп айтқанындай адамдық борышың-халқыңа еңбек қылу. Сол себептен әр істе мән бар! Оны іздеңіз! Ұғыныңыз! Дұрыс ниетте болыңыз!

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:16

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Зинуллақызы Ақжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым