Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы

Bilimger Media
3 мин оқу 634 оқылым

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген.
Егемендік елдің жарқын болашағы бүгінгі ұрпақтың ісіне аса мән беріліп  келеді.Яғни әрбір баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда оның бойындағы асыл қасиеттерінің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп даярлау, ғаламдық ойлауға қабілетін арттыру – тәрбие мен білімді аса қажет етеді. Білімнің негізін ең алдымен балалар балабақшадан алу керек .
Ұрпаққа білім беру, оның маңызын жақсарту, заман талабына сай игеру , кемел шағын қалыптастыру – ең алдымен ұстаз еңбегімен тығыз байланысты.

       Бүгінгі білім беру
сатысы

Жаңа технологияға
үйрету

                         Ойын түрінде
меңгерту

Жаһандандыру үрдісі кезінде ақпараттық жаңа технологиялар кеңінен таралып , ұлтымыздың ұмыт қалған барлық ұлттық танымдық дәстүр салттары қайта жаңғыртылып үлкен қолданысқа ие болуда. Білім беру саласының бүгінгі таңдағы басты міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың көкейтесті мәдениеттерін белсенді түрде қалыптастыру , яғни заманауи ақпараттық технологияларды барлық балабақшада білім беру әлеуетін одан әрі кеңейте түсетін басты құрал деп тануға болады.
Демек, ақпараттық технология деген бұл – ақпараттарды өңдеу, тарату үшін  қолданылатын сандық әрі өзекті технологиялардың жиынтығы, мәселен, компьютерлік құралдар , бейнелі және аудио техникаларды атауға болады.
Өзекті технологияларға , сонымен қатар әр түрлі ойын үлгілерін , тіл білемін  игеру салаларын ерекше атаған жөн. Бұл әдістерді мектеп жасына дейінгі балардың тілді үйреніп , оны түсініп, өзге жанға толыққанды жеткізе алатындығы  туралы қол жетімді ақпарат деуге болады. Яғни әрбір бала осы ақпараттар арқылы сезім мүшесін дамыта түседі , оның бойында құлшыным пен сенімділік қасиеті пайда болады.
Негізі балалар оқу үрдісінен гөрі ертегі,әңгімелер мен танымдық фильмді көргенді ұнатады. Осылар арқылы баланың бойында тілдің семантикалық негізі қалыптасады, яғни тез ұғып алып, жылдам сөйлейде бастайды. Мінеки, баланың туған ана тілімен терең және толыққанды байланыс жасауы осыдан бастау алады. Балалардың саналы , алғыр болуы осының айқын нәтижесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың білім алу кезеңдерін мынадай құралдар арқылы дамыту басты құралдардың бірі деп айта аламын:
1) аудио
2) бейне
3) интерактивті тақта
Қазіргі қоғамды ақпараттық қоғам деп тани отырып, мен ұсыныс пікірлерді өз тәжірибемнен өткізе алдым.
Ақпаратты технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал белсенді экран - интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы. Баланың қызығушылығын  арттыру үшін Рaint, Power Point , электронды оқулықтар және Activ studio   Activ Inspire бағдарламасының мүмкіндіктері көп. Атап айтар болсам Activ studio Activ Inspire бағдарламасын жеке басым толыққанды меңгеріп , тәжірибе жүзінде ашық қолданысқа ие болып , нәтижесінде үлкен жетістікке жете білдім. Шығыс ғұламаларының мына бір айтқан: «қанша білсең де,ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек бағына» маржандай сөзі менің еңбегіме дәйек бола алады. ХХІ ғасырды- ақпараттық дәуір, технологиялық мәдениет заманы дей отырып,бүгінгі таңдағы мектеп жасына дейінгі білім беру үрдісін ақпараттандыру – бұл әрбір баланың ой – өрісін , ақыл- кемелін толыққанды дамытып , оқытудың барлық деңгейін бойына меңгерте білу жоғары саланы талап етеді деп түсінемін. Міне осы талаптар мен қағидалардың барлығы жүзеге асып жатса , тәрбиешілердің мерейінің үстем болғаны.
Ақпараттық технология  - бұл келешек ұрпақтың  биік белестерді меңгертіп жан-жақты  білім алуына ,  іскер дарынды ,шығармашылығы мол,еркін дамуына үлкен жол ашатын педагогикалық әрі психологиялық тұрғыда жұмыс жасайтын аса маңызды , көкейтесті құрал.
Бүгінгі күні мен жұмыс жасайтын балабақшада жоғарыда аталған құралдардың барлық түрлері қамтылған. Оқыту үрдісінің басты талабы – педагог қауымның жаңашыл, іздемпаздығы үлкен маңызға ие.
«Еңбек түбі – береке», «Ізденген жетер мұратқа» деген сөздердің астары осыны меңзейді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 306 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым