Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Аңыздың ақыры" шығармасы

Гарифуллина Жұлдызай
1 мин оқу 214 оқылым

«Аңыздың ақыры» романы қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес. Сыншы-
зерттеушілердің романның жанры туралы ортақ бір пікірге келе алмай жүруі де
сондықтан болар. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдардың қатарында
атаса [1], екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады.
Шығарманы үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған бір топ ғалымдар оның
монологқа, толғанысқа құрылғанын баса айтады.
Ə.Кекілбаев өз шығармаларында халық жадында сақталған ескі аңыздарды
жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады. Ə.Кекілбаев романтизмінің
көркемдік жүйесін толықтыратын сипат шығармаларында мифтік-фольклорлық
сарынның, аңыз-əңгімелердің жиі көрініс беруі болып табылады. Ə.Кекілбаев
туындылары көбінесе бүтіндей мифтік-фольклорлық сюжетке құрылады. Жазушы аңыз-
əңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар сілеміне көз жібере отырып, мəңгілік
мəселелерді шешуге ұмтылыс жасаған. Осы сипаттағы шығармаларының бірі – «Аңыздың
ақыры» романы.
«Аңыздың ақыры» романы тарихи тақырыпқа жазылып, тарихта болған Ақсақ
Темір өмірінің бір сəті көрініс бергенімен, бұл – үйреншікті мағынадағы дерекке
негізделген тарихи туынды емес. Жазушы тарихи аңыз шеңберінен шығып, қаламгерлік
қиялын қоса отырып, дербес психологиялық шығарма тудырған. Мұнда тарих – фон,
кезең колориті ғана. Сыншы С.Əшімбаев романның тарихи негізін баса айта отырып:
«шартты түрде болса да оқиға қай ғасырда, қай жерде болып еді, Əмірші деп
отырғанымыз кім, қай елдің ханы деген сұрақтың бетін ашу керек сияқты» [1] – деген
пікір білдіреді. Ə.Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны
маңызды емес. Мəселе, оқиғаның қашан жəне қалай болғанында емес, болған оқиғаның
адамгершілік-философиялық мəнінде. Сюжетке өткен дəуір оқиғасы арқау болғанымен,
ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік,
бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мəні бар мəңгілік мəселелерді қозғайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гарифуллина Жұлдызай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым