Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Зылиха—Қаракемпір

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Бірде Әлімнің ел қамымен жүрген жақсы-жайсаңы жолаушылап келе жатып Сағыз бойында отырған Дербіс батырдың үйіне тап болыпты. Дербіс батырдың өзі үйде жоқ екен, сыйлы қонақтарға жақын жерден алдыра қоятын малдың реті болмай, Зылиха сол жерде күйеуі Дербіс батырдың жауға мінетін екі атының бірін сойып, қонақтарды құрметтеп аттандырыпты. Әлімнің жақсы-жайсаңы былай шыққан соң: «Апыр-ай, Дербістің құты үйіндегі Қаракемпірі екен ғой!»—деп таң-тамаша болысыпты.

Содан, Дербіс батыр үйіне келеді. Бәйбішесі Зылиха: «Әлімнің алты жақсысы келіп еді, ақтабан атыңды сойып құрмет көрсеттім»,—депті. Сонда, Дербіс батыр «Әлімнің алты жақсысына құрмет көрсеттім дегенше, мені алпыс жауымнан құтқардым десейші!» деген екен.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз