Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарабақ-Уақ әулеті туралы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Бірде жолаушылап келе жатып Бармақ қалмақтардың қолына түсіпті. «Өлтіру керек!»—деп ұрандайды қалмақтар. Қалмақ ханы жөн сұрайды. «Мен жауласуға шыққан жоқпын. Жолаушымын, қаруым да жоқ»,—дейді Бармақ. Оны танығандар: «Бұның бізге істемегені бар ма, жоқ қылу керек!»—деседі.

Сонда Бармақ:

—Әй, мен сендерге жалынбаймын. Өлтіріңдер!—дейді.

Хан:

—Неше ағайындысың?—дегенде:

—Бес ағайындымын. Жәнібек, Жәуке, Есет, Сәрке—бесеуіміз,—дейді.

—А, бұны құртқанмен, аналар бізді тыныш қоймас, сыйын беріп қайтарыңдар,—деп Бармаққа бостандық беріпті.

Оған сол жолы қалмақтар берген қыздан қазіргі Қарабақ Уақ әулеті тарапты.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз