Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Он екі ата Байұлы» атануы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Қыдырқожа өте асқан бай болады. Малы мен басы тең өседі. Баласы—он екі, малы жерге симайды. Байдың жанында жүрген кедейлер, сондай-ақ оның отын-суын, қора-қопысын істеп жүрген жалшылар, байдың балаларын мадақтап: «Бай баласы», «Байдың ұлы» деп жағына сөйлеп, қолпаштауынан келіп шығады.

Байдың балалары да: «Сері», «Мырза» дегенді жек көрмейді. Қайта масаттанып: «Біздер бай баласы, байдың ұлдарымыз»,— деп көтеріле сөйлейді. Міне, осыдан келіп «Байұлы», «Байбаласы» деген сөз өмірге келіп, оған 12 баланың саны қосылып, «Он екі ата Байұлы» болып атанып кетеді. Он екі ата Байұлы осылайша атанған деп шежіреші қариялар сөзін шегелейді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз