Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Жиренше шешен» (І нұсқа)

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек хан Жиреншеге:

—Әкесі өлген қалай болады?—дейді.

—Әкесі өлгені—асқар тауы құлағаны,—депті.

—Шешесі өлген қалай болады?

—Сарқылмас бұлағының суалғаны.

—Ағасы өлген қалай болады?

—Оң қанаты қайырылғаны.

—Інісі өлген қалай болады?

—Сол қанаты қайырылғаны.

—Апа-қарындасы өлген қандай болады?

—Өрісі тартылғаны.

—Қатыны өлген қандай болады?

—Аһ, дариға! Қарашашым өлген екен ғой,—деп күңіреніпті де, тұрмыстағы қызына барып, шешесінің өлімін күймен естіртіпті. Қарашашты жоқтап күй тартыпты...

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз