Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Жаңылтпаш сайқал» (бәдік күй)

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Ертеде бір қыз бен жігіт домбыра тартысады. Бірін-бірі жеңе алмайды. Бірінің күйін бірі қайыра тартып ұзақ жауаптасады. Ақыры қыздың күйі артыла бастайды. Сонда жігіт:

—Мен бір «Жаңылтпаш сайқал» деген күй тартамын. Соны қайталасаң, жеңесің,—деп күй тартады. Тартқанда саусағымен «сенікі анау, менікі мынау» деп көрсетіп тартады. (Бұл өзі ұят күй ғой.) Қыз жұрттың көзінше әлгінің қол қимылын қайталай алмайтын болған соң, домбыраны тастап, бетін басып шығып кетіпті.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз