«Сұр теке»
Күй аңыздары · 1 мин оқу
Баяғыда бір мерген болыпты. Бір күні баласын аңға ертіп шығады. Баласына:
—Сен мына ну тоғай, қалың қурайдың ар жағына өтіп, аң болса бері айда,—дейді.
Бала тапсырманы орындау үшін тонын теріс айналдырып киіп, тоғайды аралап, қалың қурайдың арасымен келе жатқанда, аңдып отырған әкесі «теке екен» деп атып жібереді. Жетіп келсе, баласы өліп жатады.
Сонда: Қалың қурай, сұр теке,
Мені алмадың, қу теке,—
деп зар еңіреп тартқан күйі екен...