Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жақсы Жанайдар (ІІ нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Бұхар ханы Абылай ханға айтты:

—Маған қызын жіберсін!

Қырық биі мен қызын жібереді: алты қанат ақ үй менен, он нарға жүк артып.

Бұхар ханы қырық биден сұрады:

—Абылай тегі асыл ма, менің тегім асыл ма? Қырық би айтты:

—Сіздің тегіңіз асыл, сіздің жеріңіз асыл, ише өзіңіз асыл. Сіздің жеріңізде етікпенен намаз оқуға жарайды.

Бұхардың ханы сұрады:

—Жолдасыңыз бар ма қасыңызда?

—Бір атшы бала бар, он үште бала,—дейді. Хан:

—Оны шақыр!—дейді.

Шақырып келді. Бұхар ханы айтты:

—Ай, балам,—дейді,—менің тегім асыл ма, Абылайдың тегі асыл ма?

Бала айтты:

—Абылай тегі асыл.

Хан:

—О, неге?—дейді. Бала айтты:

—Абылай атасы нұрдан пайда болған, садағын күнге асқан, сіздің атаңыз Қоқандық қара сирақ сарт еді.

Бұхардың ханы қырық биге сыйлап бергені жалғыз балаға бергеніне тең болды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз