Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Үш жүз туралы (І нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс үрім-бұтақтарымен жүз үйге толғанда енші алысады. Қоныс белгілеуге келгенде сөз үлкені Ақарысқа беріледі. Ол сөз кезегін Бекарысқа береді. Сонда Бекарыс тұрып:

—Алдымда ағам, артымда інім тұрғанда менің не айтарым бар?—дейді. Осы кезде Жанарыс:

—Сөз бітті. Жоғарғы бөлік—Ақарысқа, орталық жер— Бекарысқа, төменгі жағы—Жанарысқа тиді,—деген екен.

«Енді үш үй үшке бөліндік. Бірақ әрқайсымыз өз ауылымызды жүзден кем етпелік» деп, содан «Үш жүз» аталған деседі.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз