Кім көп біледі
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Әл-Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің кітаптарын көп оқып, оның кейбірін жатқа білген. Бір күні әмір, ғалымдар одан:
—Кім көп білетін, сіз бе, әлде Аристотель ме?—дегенде ол:
—Егер Аристотель тірі болып, оған кездессем, мен оның шәкірті болуға ғана жарар едім,—депті.