Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Екінші ұстаз

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып:

—Өзіңе лайықты орын тауып отыр,—депті. Сөйтсе, әл- Фараби тура әмір тағына барып отырады. Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде:

—Мына түрік әдеп сақтамады ғой,—депті.

Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да:

—Тақсыр, мен жетпіс тіл білемін,—депті. Ыңғайсызданып қалған әмір, халпелер: «Кешіріңіз, сіз екінші ұстаз екенсіз ғой, байқамай қалдық»,—деп оған жол береді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз