Қайғысыз хан семіз (I нұсқа)
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Сырым жаңа атқа мінген жастау кезінде Нұралы ханды көргелі ханның ордасына барады, «кімсің» деген ханға «Сырыммын» деп жауап береді. Сонда хан:
—Сырым-Сырым деген атың жер жарады. Өзің кішкентай ғана арық бала екенсің ғой,—дейді. Сонда Сырым:
—Иә, мен арықпын. Себебі, патша мен сияқты қазақты қонысынан айырып, құмға иірді, жақсы судың бойын казакорыстарға әперді. Қазақтың қонысын қалай қайтарып аламын деп бір түнде тоғыз ойланып, тоқсан толғанып арып болдым. Бұрынғының айтқаны бар емес пе:
«Өлеңді жерде өгіз семіз,
Өлімді жерде молда семіз.
Қаралысында қатын семіз,
Қайғысызында хан семіз»,—деп.
—Сен—қайғысыз хансың,
Мен—жаралы аңмын,
Мен арық болмай кім арық болады?—
депті Сырым батыр.