Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әңгімелесу мен ақыл – кеңес беру

Bilimger Media
2 мин оқу 572 оқылым

Кіріспе: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! Біріншіден өзімді таныстырып өтейін. Менің аты- жөнім Лещукевич Ирина Анатольевна. Мен осы мектептің психолог маманымын. Бүгінгі біздің ата-аналар жиналысының тақырыбы «Баланың бас ұстазы- ата-анасы».

Соңғы жылдары адамдардың өз - өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдайға айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы суицид мәселесіне қатысты әлем елдерінің көрсеткішін жариялағанда, Қазақстан сол «қаралы тізімде» екінші  орынды иеленді. Өкінішке қарай, олардың басым бөлігін кәмелеттік жасқа толмаған балалар құрайды екен.

Жоғары сыныптағылардың арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар, тіпті, жақындарына да өзін қинап жүрген түйіткіл жайлы тіс жармай, жасырып қалуға тырысады. Проблеманы жеткізуден гөрі, олар үшін үндемей қалу дұрыс сияқты. Жан түршігерлік жағдайда жарық дүниемен қоштасқан жасөспірімдердің 4 пайызы отбасылық кикілжіңнен, 96 райызының салдары белгісіз екен.

Суицид белгілеріне тұйықталу, еш нәрсеге қызықпаушылық, үнемі мазасыздану, ашуланшақ, жаман түстерді жиі көріп бастығып қалу, көмектен бас тарту, ұйқысыздыққа қарсы дәрілерді қолдану жатады. Жасөспірімдердің бақытсыздығына көбінесе отбасындағы жайсыздық пен мектептегі түсінбеушіліктің де ықпалы зор болады. Ата – аналар перзенттерінің киімін, тамағын тауып берумен қатар оларды жақсы көретінін де үнемі айтып отыруы тиіс. Әке – шеше өз дәрежесінде  көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, сабақ оқуға құлқы болмайды. Өзге оқушылар мен қарым – қатынасы нашарлайды.

Сонымен қатар, қазір ерлі – зайыптылардың арасында ажырасу көп. Бұл өмірді әлі түсініп білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Ата  -ана ажырасты да кетті. Ал, баланың жайы қалай болмақ? Ол мұны қалай қабылдады? Бұл сұрақтар отбасы мүшелерінің толғандырып жатыр ма? Жоқ. Осыдан келіп баланың жіпке асылып өлуі немесе жаман жолға түсуі сынды жағымсыз оқиғалар орын алары сөзсіз.

Сіздердің назарларыңызға  бірнеше кеңестер ұсынамын.

  • Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең басты балаларымыздың алдындағы жауапкершілікті күшейтуге тиіспіз.
  • Ашық болу мен сенім арту атмосферасын сақтап қалуға тырысыңыз.
  • Балаңызға орындай алмайтын сөзіңізді бермеңіз, баланың жүрегіне орындалмайтын үміт артпаңыз.
  • Үнемі мұғалімдермен кездесіп, балаңыздың үлгерімі, тәртібі, басқа балалармен қарым –қатынасы жөнінде біліп тұрыңыз.
  • Егер сіз балаңыздың мектептегі өмірі , оны мазалап жүрген нәрселер туралы білмейтін болсаңыз, ол жайында мұғалімдерден сұраудан еш қысылмаңыз. Тіпті алаңдауға тұрарлықтай мәселелер болмаса да, балаңыздың мұғалімімен яғни сынып жетекшісімен ең болмағанда екі айда бір рет әңгімелесіп тұрыңыз. Әйтпесе сіз өз балаңызды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз, ол өз мұғаліміне деген құрметін немесе сізге деген сенімін өзгертуі мүмкін.
  • Өзіңіз жіберген қателікті балаңыздан байқасаңыз, балаңызды жазаламауға тырысыңыз
  • Балаңызбен өзіңіздің сезімдеріңізбен және әлсіздігіңізбен бөлісуге қорықпаңыз.
  • Өзіңіздің туған балаңызбен қарым –қатынасыңызды, оның оқу пәндеріне тәуелді етпеңіз.
  • Баладан мектепте талап етілетін ережелер мен нормаларды онымен бірге талқылаңыз. Оларды қажеттілігі мен міндеттілігін түсіндіріңіз.
  • Оқушының табысқа қол жеткізу тілегіне қолдау көрсетіңіз. Әрбір жасаған жұмысынан мақтауға тұрарлық бірдеңесін көре біліңіз
  • Егер балаңыздың мінез- құлқында, оқуында қандай да бір нәрсе сізді алаңдататын болса, қысылмай, сынып жетекшісімен немесе мектеп психологынан кеңес сұраңыз.

Назар бөліп тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым