Мазмұнға өту

Ана гүл

Танирбергенова Нағима Орынбайқызы 3 мин оқу 39 оқылым

«Аяулым» бөбекжай бақшасы

«Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»

Тобы: Ұлан

Тәрбиешісі: Тәңірберген Нағима Орынбайқызы

Нұр – Сұлтан 2022 жыл

Ұлан тобының

«Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Презентация

Жүргізуші:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз

Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде біз өз өнерлерімізді аналар мен әжелерге арнап, жылы лебіздеріміз бен махаббатмызды әнмен және бимен жеткіземіз. Сонымен қатар түрлі тапсырмаларды орындауға тырысамыз.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мына жерде қызық кітап тұр. Ол кітап сиқырлы екен, онда не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік.

1 бетте ♫

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

«Аяулы анашым» әні

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 2 бет

Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 3 бет

Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Ән: «Әже туралы ән»

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік 4 бет

Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық биін арнаймыз

Біздің ұлдар өз билерін аналарымен әжелеріне және топтағы қыздарға да арнайды.

Би: «Жігіттер биі»

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік 5 бет

Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді!

Ойын: «Сыпырғыш пен шар»

Балалар сыпырғыштың көмегімен шарды кедергіден өткізу.

2 ойын: «Гүлзардағы гүлдер»

Балалар гүлзарға гүлдерді жылдам жинау керек.

Жүргізуші: Енді соңғы бетті ашып онда не жасырғанын білейік

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Тақпақтар

Балалар кезектесіп тақпақтарын айтып, өз сыйлықтарын аналарына сыйлайды.

Жүргізуші:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Танирбергенова Нағима Орынбайқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Перспективалық жоспар

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР Өтпелі тақырып татақырыт/та/тақырып тақырып: Менің балабақшам (қыркүйек) Денсаулық…

Танирбергенова Нағима Орынбайқызы 48 оқылым 61 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин