Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ-да ғылыми журнал жарық көрді

Bilimger Media
2 мин оқу 25 оқылым

Ғылыми-зерттеу институтының «Uly dala» ғылыми журналы әлеуметтік және қалалық зерттеулерге бағытталған.

Әр шығарылымда түпнұсқа мақалалар, сондай-ақ сұхбаттар, рецензиялар  жарияланады.

Журналды басып шығарудың негізгі мақсаты қалалық және әлеуметтік зерттеулер саласындағы өзекті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау болып отыр.

«Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ғылыми бөлімі салалық ғылыми зертетулерге арналған журнал шығаруға бастамашы болды. Журналды дамыту үшін сарапшылар, мамандарды идея, тәжірибелерін бөлісуге шақырамын. Осылайша біз неғұрлым тұрақты, креатив және функциялық сәулет шешімдерін бірге құра аламыз»Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев.

«Журналдың ғылыми басылымдарында қала құрылысы, қала және одан тыс жерлердегі әлеуметтік қатынастар, экология, ландшафт және қоршаған ортаны жобалау мәселелері талқыланады. Материалдардың басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, құқықтық реттеуді талдау, қалалық және өңірлік жоспарлау, аумақтардың инфрақұрылымдық және мәдени даму, табиғи және қалалық ортаны, көлік пен ұтқырлықты дамытуға арналады»«Алматы бас жоспары» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов

Авторлардың айтуынша, журнал заманауи сәулет пен қала құрылысының өзекті мәселелерін талқылау және шешу, озық әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқару тәжірибесін анықтау және тарату үшін бірыңғай коммуникациялық алаң құруға ықпал ететін болады.

«Ғылыми басылым ҒЗИ-дың жобалары, әзірлемелері мен қызметін көрсететін болады. Мысалы, «Алматыбасжоспар»  қаланың аэрациясын әзірлеуге қатысты, қазір қала аумағындағы барлық тарихи ескерткіш пен қорғандарды түгендеу бойынша жұмыстар, халықаралық тәжірибе алмасу жүргізіліп жатыр. Біз барлық ғылыми жұмыс туралы журналымызда жазатын боламыз, сондай-ақ урбанистер, сәулетшілерді журналдың дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз»«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС ғылым бойынша директоры Ерлан Салтыков

Бірінші шығарылымға мынадай материалдар кірді: Алматы қаласындағы ауа сапасына әсер ететін аспектілер және ықтимал жоспарлау шешімдері, Қала тұрғынының сауалнамасын әзірлеушілермен сұхбат, реттеудің ұтқыр тәжірибелері, соның ішінде дизайн-код және халықтың қатысу бюджеті, өңірлердегі ауылдық көші-қон және үйге деген көзқарас, қалалық қоғамдастықтар мен жаңа тұрғын үй кешендеріндегі жаңа орта таптың қалыптасуы және т.б.

Журнал жылына төрт рет шығады. Журналдың бірінші басылымының толық мазмұнымен сілтеме арқылы танысуға болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым