Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 26 оқылым

Қазақ баспасөзінің тарихы 1913-1918 жылдан бастау алған.Елімізде ең алғаш болып басылып шыққан таза қазақ тіліндегі «Qazaq» газетіне  биыл 105жыл толып отыр.Бұл газеттің жарыққа шығуында жүрегі қазақ деп соққан өз заманының элитасына айнала білген  Әлихан Бөкейхановпен Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың үлесі орасан зор.Тек қазақ тілінде жалпы ұлттық көрініс алған «Қазақ»газеті оқырманның жүрегінен айрықша орын алды.Газеттің оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алуына шындықтың шырақшысы бола білгендегі ықпал еткен болса керек.

Мейрамхан Жәпек, баспасөз тарихын зерттеуші:

- «Қазақ» газетіндегі материалдардың барлығы қазақтың ішкі қоғамында болып жатқан саяси-әлеуметтік мәселелердің бәрін ашық көрсетті. Ешкімнен тайсалған жоқ. Туысқаным, тамырым, танысым дегенге қараған жоқ.

Мейрамхан Жәпік ағамыздың осы сөздерінен біз «қазақ газетінің» оқырманды  елітер басты қасиеті шынайылық болғанын байқай аламыз.

Бүгінде елімізде «қазақ» газетінің ізін қуып келе жатқан сапалы да сауатты газеттер саны өте көп деп ауыз толтырып айта аламыз..Мысалы қазіргі таңда "Республикалық газеттердің үздік бестігіне кіріп отырған "Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Ана Тілі"газеттерін ала аламыз.Бұл газеттердің қай қайсысы болмасын әрдайым оқырманға жаңа ақпарат,пайдалы кеңес және ең бастысы шынайы дерек беруге ұмтылады..Жасампаздыққа жаны құмар баспа тілшілері күн сайын бір біріне ұқсамайтын,ұзақ ізденіс нәтижесінде туындайтын жаңа ақпаратпен газет санын толықтырады.Десе де бұған қарамастан Бүгінде “газеттердің оқырмандары тым аз”, “әлеуметтік желі газетті алмастырды”сынды пікірді көп кездестіреміз.Бірақ бұл пікір жоғарыда айтып өткен баспасөз жұмыскерлерінің еңбегін жоққа шығарумен тең.Газет ешқашанда өз оқырманын жоғалтқан емес,жоғалтпайды да.Оқырманның заман талабына сай боламыз деп  ақпарат көзін уақытша алмастыруы,әлеуметтік желі газеттің орнын басады дегенді білдірмейді.Себебі әрдайым ақпараттың қаншалықты жалған қаншалықты шынайы екендігін білмеу,бір күні оқырманды жалықтырары анық.Дегенмен,бұл пікірге сыншы тек біреу ол оқырман.Неде болса,баспасөз тарихында газеттің ойып алар орны қашанда ерек болмақ.Себебі:әлеуметтік желілердегі әрбір ақпарат дәл газеттегідей сапалы,әрі сауатты бола қоймас.Бұны біз тіпті әлеуметтік желілердегі көптеген  ақпараттардың тақырыбы тек оқырманның көзін қызықтыру үшін,не болмаса көп қаралым үшін қойылатындығы арқылы да байқай аламыз.

Авторы
Аружан Думанова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Digital storytelling феномені

DIGITAL STORYTELLING ФЕНОМЕНІ Сторителлингтің пайда болуының екі эволюциялық себебі бар, олар туралы ғылым популизаторы, философия және психология маманы Сэм МакНерни жазады. Біріншіден, оның пікірінше, әңгімелер әлем…

Аружан Думанова 7 мин 190 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 11 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 71 оқылым