Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алаш және Ахмет Бвйтұрсынұлы

Galbiat Tunyk
1 мин оқу 31 оқылым

Қазіргі әлем өз саласында құзыретті болашақ маманның дамуын ұсынатын, икемді оқыту жүйесімен байланысты заманауи жаңғыртудың күрделі жағдайында жоғары білім дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Практика Тәжірибе болашақ маманды кәсіби даярлаудың және кадр резервін қалыптастырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мақсатта, қарашаңырақ – ҚазҰУ-нің, филология факультетін бітіруші түлектері Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жанындағы "Тіл – Құрал" ОӘҒЗО-ында өндірістік тәжірбиеден өтіп жатыр. Орталық басшысы Имаханбет Райхан Сахыбекқызының бағдары арқылы, студенттер саналарына Ахмет Байтұрсынұлы жайлы тың деректер мен рухани құндылықтарды сіңіруде.

Алаш зиялысының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге  арналған қасиетті ордада тәжірбиеден өту – студенттер үшін аса мәртебе, рихани азық.

Осыдан тура бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ керегінің көбі әркімге-ақ мағлұм ғой: біз кейін қалған халық, алға барып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек», – депті «Қазақ» газетінде. Қазір, сол ұлт зиялысы аңсаған өзге елмен терезесі тең елміз. Саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсаты, ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Ахаң тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екенін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болуын дәріптеді. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялымыздың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет.  Сондықтан да, Ахмет Байтұрсыновтың ұрпаққа берген құндылығы мен тілдік мұрасын – бағзы бабаларымыздан бастап, Тәуелсіздік кезіне дейін жеткен аманат деп қабылдауымыз керек.

Ғалбиат Тұнық

ҚазҰУ, Филология факультеті,

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мамандығы, 4 курс.

Жетекшісі – Имаханбет Райхан

Ф.ғ.к. аға оқытушы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Galbiat Tunyk

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 75 оқылым