Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз

Автор

Нурай
2 мин оқу 32 оқылым

“Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз”

ТҰРАХАН Нұрайым,

Журналистика факультетінің

1-курс студенті

Осынау сәуірдің 14 жұлдызында, қара шаңырағымыз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Тасилова Назия Айытбайқызының және тарих факультетінің магистранттары Маликова Анар мен Мейрамбекқызы Нұрсұлудың ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөйбейміз»- атты ашық тәрбие сағаты өткен болатын. Барша Алаш зиялыларының тұғыры биік шығармашылығына үңіле студенттер өз білімдерін паш етті. Мұндай тарихтың қойнауында жатқан еңбектерді қазақ журналистикасындағы ғылымының зор табысы деп бағалауға әбден болады. Себебі осыған дейін Алаш қозғалысының тарихы, әдебиеті, саяси күресі біршама зерттелді. Журналистика факультетінің студенттері 1917 жылы болған, Алаш зиялыларының тағдырларын көрініс ретінде керемет жеткізіп көрсеткен. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және т.б Алаш зиялыларын патша үкіметі айыптаған, тәркілену сәттерін елеусіз жеткізген. Одан бөлек, студенттер өздерінің арнауларымен бөлісті. Сондағы, арнауда неткен намыс пен рух жатыр десеңізші. Алаш публицистикасындағы демократиялық ұстанымдар мен қағидалар, ұлттың ауызбірлігі мен ынтымағын бірінші орынға қойған стратегиялық міндеттер және ұлттық сананы өсіру идеясы көрініс тапқан көсемсөз туындылары бүгінгі күннің де өзекті сауалдарына жауап бере алатын, рухани түлеу мен тарихи тамырдан нәр алуды қамтамасыз ететін ерекше қуатқа ие. Ұйымдастырылған ашық сабағымыздың қонақтары да болды. Олар: «Қазақстан тарихы» — кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент-Ноянов Еділ Ноянұлы, тәрбие жөніндегі орынбасары- Арынов Жұмақан Мақанұлы. Негізгі іс-шараға көзқарастарын білдіре отырып, сол уақыттағы өздерінің тарихи қойнауындағы оқиғаларымен бөлісті. Алаш зиялыларының көздеген мақсаттарының ең өзектісі қазақ баласына, еліне жанашырлық таныту, ұлттың еркіндігі мен азаттығын алу, діні, тілі, мәдениетін сақтау екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн.

Қорытындылай келе, қазіргі Қазақ елінің өркендеу жолы тұрғысынан үлгі тұтқан Алаш зиялыларының озық ойлары өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Ұлт қайраткерлерінің саяси және рухани арнадағы реформаторлық қадамдары эволюциялық дамуымен түйінделгенде тәуелсіз мемлекетіміздің өркениет өріндегі тұғыры қазіргіден де асқарлы болары һақ еді.  Алаш публицистикасындағы өзекті, құнын жоймаған идеяларды бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып елепекшеп, сараптап, түйіндеп, тарата талдаудың маңызы зор!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нурай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Лицензия Кітаптың атауы: Атом уланған дала

Тоғжан Қасенованың кітабында Семей полигонындағы ядролық сынақтардың адам денсаулығына, табиғатқа және қоғамға әсері, сондай-ақ Невада-Семей қозғалысының маңызы баяндалады.

Нурай 69 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе «Коррупцияға қарсы менің сөзім»

Эсседе жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға зияны, Абайдың ар мен ұят жайлы ойлары және әр адамның адалдықты таңдаудағы жауапкершілігі сөз болады.

Нурай 59 оқылым 3 мин
Балабақша

1-ден 20-ға дейінгі сандар

Балабақшаға арналған 1-ден 20-ға дейінгі сандар сабағы: тура және кері санау, «Жоғалған сан» ойыны, логикалық есептер, жұмбақтар және күтілетін нәтиже.

Нурай 271 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 137 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 45 оқылым 2 мин