Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе «Коррупцияға қарсы менің сөзім»

Автор

Нурай
3 мин оқу 59 оқылым

«Коррупцияға қарсы менің сөзім»

Бүгінгі таңда, қоғамда өзекті мәселенің бірі, бірегейі де – жемқорлық пен парақорлық екендігі баршамызға белгілі. Осы жемқорлықтың, парақорлықтың салдарынан жеке тұлға және қоғам, мемлекет күйреп жатқанын да білеміз. Яғни, қоғамның ішіндегі үлкен дерт те осы – жемқорлық деген көзқарас туындады.

Қазіргі қоғамда белең алып кеткен, көптеген мемлекеттердің үлкен бір үздіксіз, таусылмас проблемасына айналған парақорлық, жемқорлық мәселесі – қаншама мемлекетті, қаншама адамдарды бұрыс жолға салу, қаншама адамдардың тиіссіз орын иеленуге өз септігін тигізу. Бұл шынымен де қоғамды бұзатын, құртатын дүние саналмақ.

Жемқорлық – ең үлкен бір күнә. Кейбір күнәлар бар, олар тек жасаған адамның өзіне ғана зиянын, кеселін тигізуі мүмкін. Бірақ кейбіреулері күллі қоғамға, адамзатқа зиянын тигізеді. Және де осы бір «коррупция» ұғымын ауыр күнә деп атап айтсам, артық кеткенім емес... Былай қарасақ, қаншама жетімдер мен қарапайым азаматтардың ақысы бостан-бос кеткенінің өзі жемқорлық емес пе!? Әрине, ол жағын ойламасақ та, тек өз қара басымызды ойлаумен ғана өмір сүріп келеміз. «Шіркін, бұл дүние кімді алдамады!?» деген сұрақтың жауабын әлі де іздеудемін...

Ұлы Абай атамыздың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі осы бір сұм жемқорлық атты дүниені насихаттап, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы жайлы сөз қозғағанда, ұлы ақын «ар» тақырыбына тоқталмай кете алмады, кейінгі өлеңдерінде де, қара сөздерінде де осы қастерлі «ар» деген сөзге үлкен мағына беріп кеткенін байқауға болады.

«Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырып,

Ертеңі жоқ, бүгінге құмар» деген өлең шумақтарынан – ақ «Ұялма дегені көңіл үшін» атты өлеңінен Абай атамыздың қазіргі қоғамның дертін айтып кеткені және өлеңдерінде парақорлықтан аулақ болудың, пайданы емес, арды ойлаудың жолын да айтуы – үлкен тәрбиенің көзі, әртүрлі кеселдерден алшақтатуы деп есептеймін.

«Ұры – қарының серігі» дегендей,  «Жемқорлық – сыбайластың серігі». Өзге адамның ақысынан болып жатқан дүние, желініп жатқан дүние – ешқашан жақсылық әкелмейтіні, қайырлы дүние болмайтыны рас дүние. Әр адам қоғам деп кішкене бір үлесін тигізетін болса, пара бермесе, жемқорлық жасамаса қаншама жетімдердің ақысы желінбей, мына адамдар бақытты ғұмыр кешуші еді... Сол себепті, адам өз орнын білсе, «мен өтірік айтқаннан, ештеңе болып қалмайды - ау» демей, өз мойынындағы міндетті сезінбеуден аулақ болу керек, қашу керек. Ғылыми тілде жемқорлық – мемлекеттік қызметті жеке мүдделерге пайдалану. Бұл әрекеттер қоғам мүддесіне, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қайшы келу. Ал бұл құқықбұзушылықтың негізгі мақсаты – пайда табу, өзіне кіріс кіргізу, заңсыз сыйақы алу болып табылады.

Сөз соңында Шәкәрім бабамыздың бір өсиетті сөзін негізге ала отырып, былай дегім келеді: «Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды жазалау керек. Оларға еңбек өнерін үйрету керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет. Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйренумен қабат «ар білімі» деген білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай...» дей келе, жемқорлықтың, парақорлықтың адам өміріне еш пайда әкелмейтінін түсініп, бұрыс жолдан бір адым болсын аттағандай болдым.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нурай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Лицензия Кітаптың атауы: Атом уланған дала

Тоғжан Қасенованың кітабында Семей полигонындағы ядролық сынақтардың адам денсаулығына, табиғатқа және қоғамға әсері, сондай-ақ Невада-Семей қозғалысының маңызы баяндалады.

Нурай 69 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз

ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері Алаш зиялыларының мұрасы мен ұлттық идеяларын ашық тәрбие сағатында таныстырды.

Нурай 32 оқылым 2 мин
Балабақша

1-ден 20-ға дейінгі сандар

Балабақшаға арналған 1-ден 20-ға дейінгі сандар сабағы: тура және кері санау, «Жоғалған сан» ойыны, логикалық есептер, жұмбақтар және күтілетін нәтиже.

Нурай 271 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 898 оқылым 4 мин