Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алаш Орда үкіметі (106 жыл)

Bilimger Media
3 мин оқу 50 оқылым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ

т.ғ.к., профессор  Г.Б. Қозғамбаева

1-курс магистранты К.З. Ескендиров

Бүгінде біз қазақ елі тәуелсіздікке  қол жеткізіп отырған халықпыз. Тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан-байтақ жерімізді бізге  қалдырып кетті.Осындай тәуелсіздік жолында күрес жүргізгендер қатарында Алаш зиялылары да болды. Бәрімізге тарихтан мәлім алаш зиялылары халықтың саяси санасын оятты. Алаш қайраткерлерінің Алаш автономиясының  құруындағы басты түрткісі, қараңғылық пен надандықтың шырмауында болған қазақ халқының болашақ тағдырын ойлап, мәдениеті, тілі, діні не болмақ деп қатты ойланып, толғанып осы қазақ халқының  жерін аман сақтап қалу мақсатында «Алаш» автономиясының құруға бел буады. Нәтижесінде 1917 жылдың                      5-13 желтоқсан аралығында Орынборда  екінші жалпы қазақ съезді өтті. Сол  съезде Алашорда үкіметі құрылып,  Алаш автономиясы жарияланды.

Биыл,  Алаш автономиясының  құрылғанына  жарияланды 106 жыл  толды. Кезінде ұлы ғұлама ғалым Әл-фарабидің: «Тарихты білмей - келешекті болжау қиын» - демекші, біз осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін талай сынды бастан өткізген халықпыз. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында    қазақ ұлты көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға ұшырап, талай азапты жолдардан өтті. Қаншама  батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді жолында өмірден өтті, осындай тәуелсіз мемлекет құруды армандап кетті. Бәрімізге тарихтан мәлім алаш зиялылары халықтың саяси санасын оятты. Кеңестік дәуірде Алаш қайраткерлерінің  еңбектері бағаланбай сол күйінде қалып, қуғын-сүргінге ұшырап кетті. Алаш қайраткерлері қазақ елі, жері үшін тәуелсіздік жолында соңғы демі біткенше күресіп, еркіндікті армандап кетті. Қазіргі таңда  біз Алаш орда қозғалысы сияқты ұлт тарихында ерекше орны бар тарихи құбылысты атап өту мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Кеңес үкіметі  тұсында Алаш партиясы және Алаш қайраткерлері туралы тақырып  жабулы күйінде қалды. Олар туралы айтқандар саяси тұрғыдан қуғынға ұшырады.

Осы мақсатта біздің қазақ зиялыларымыз көптеген жұмыстарды атқарды. Сағымданған тарихқа алаш қайраткерлерінің өзіндік бір қоғамға сіңірген ерең еңбектері бар, айталық Әлихан Бөкейханов көшбасшы ретінде танылып, халқымызды алға тартса, Міржақып Дулатов  газет беттеріне, кітаптармен және де өлеңдермен бұхара халықтың санасын оята білді. Ал Әлімхан Ермеков қазақ жерін қорғауда үлкен еңбек сіңірді. Мысалға, Ленинді иландырып Каспийден 1 шақырым жерлер  және Ертіс маңайындағы шұрайлы жерлерді қазақ жеріне қайтарып алды.

Жалпы «Алаш» партиясының тарихи маңызы өте зор. Тарихтан тағылым ХХ ғасырдың  басында дүниеге келген «Алаш» партиясы - Кіндік Азияны, Ресейді мекен еткен, бодандықта тұрған барша түркі тілдес халықтар ішіндегі тұңғыш ұйымдардың бірі. Оның көш басшылары қатарында  Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,  Мұхаметжан Тынышпаев, Жаһанша Досмұқамет, Халел Досмұқамет т.б. Ресей бодандығындағы барша түркі қандас ұлттардың да саяси, әрі рухани көсемі дәрежесіне дейін  жеткен ірі тұлғалар екенін ашып  айтуымыз керек. Бірақта көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер, Алаш автономиясының жұмысы тоқтады. Өкінішке орай қазақ зиялылары қуғын-сүргінге ұшырап, халық жауы ретінде атылып кетті. Cөйтіп Алаш автономиясы өз жұмысын тоқтатады. Алаш қайраткерлері шыңына келгенде өмірдің рахатын көре алған жоқ, енді осы зиялылардың орасан зор еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау, санасына сіңіру біздің міндетіміз деп санаймын.

Алаш - қазақ үшін қасиетті ұғым. Арғы жағында қандай тарих, қандай түсінік жатқанына қарамастан, бүгінгі  жұртшылық бұл ұғымды  тәуелсіздік үшін күрескен қазақ зиялыларымен тікелей байланыстырады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 011 оқылым