Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алаш арысы-Мағжан

Әшімова Арайлым
2 мин оқу 31 оқылым

“Алаш арысы-Мағжан”

Ғылыми жетекшісі: Қозыбақова Ф.А
Дайындаған: Әшімова Арайлым

Ел үшін, тіл үшін жалпы қазақ халқы үшін еңбек сіңірген, жан аямаған қаншама тұлғалар ел есінде. “Ер есімі-ел есінде” демекші тарихта есімі мен ерең еңбегі қалған тұлғалардың бірі-Мағжан Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев-қазақ халқының тарихында, әдебиетінде ерекше орын алатын ұлы тұлға. Солтүстік Қазақстан өңірінде наурыздың 19-жұлдызында дүниеге келген алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Қазіргі таңда Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы мен қызметіне байланысты бірнеше көлемдегі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима филология және әлем тілдері факультеті, қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері арасында Мағжан Жұмабаевқа қатысты конференция өткен болатын. Тәлім-тәрбие беріп жүрген оқытушылар Мағжан Жұмабаев туралы өз пікірлерін айтып өтті. Конференция тарих сабағынан өтілді әрі соған байланысты 5 позиция бойынша яғни реферат, презентация, схема, карта, қосымша әдебиет бойынша Мағжан Жұмабаевқа байланысты баяндамалар қорғалған болатын. Әр позиция өз қорғаған мәліметтерімен ерекшелене білді. Ж.Аймауытовтың:«Осы өлеңшілердің көбі Мағжан өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды» дегенін және Р.Нұрғалидың: «Қанша қиямет туғанымен, бір керемет нәрсе, Мағжан өлеңдері, поэмалары ел арасына фольклор шығармалары секілді тез тарап, халық жүрегіне, жұрттың ой-санасына, елдің ақыл зердесінде қалып қойған еді... Сондықтан Мағжанмен қатар жасасқан аға буын, оның алдын көріп сабақ алған шәкірттерін былай қойғанда, кейінгі ұрпақ қаламгерлерде ақын мұрасынан хабардар еді» - деген пікірін жадымыздан шығармай Мағжан шығармаларының жаңашыл сипатын алдымен оның өзінен іздегенді жөн санадық. Соған орай шығармашылық өнерден де алыс қалмадық. Қазақ филологиясының 1-курс студенттері күй тартып, бірі Мағжан ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл конференция рухани азық сыйлаған күн болғаны рас.
Мағжан Жұмабаевтың жүрген жолы, жасаған қызметі әрқашанда қазақ тарихындағы  маңызын ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ, ең бастысы ұлттың ойлау жүйесіне әсер ету арқылы сіңірген еңбегі екендігін көре аламыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Әшімова Арайлым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 017 оқылым