Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әл-Фарабидың түс көру себептері туралы түсініктемесі

Жұмағали Фариза
2 мин оқу 41 оқылым

XXI-ғасырда жаңалық болып жатқан ақпараттар бізге таң қаларлық болып көрінуі мүмкін. Бірақ IX-ғасырда әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыздың еңбектерін зерттейтін болсақ, данагөй, қазіргінің де, өткеннің де алғыр азаматы болғанына көзіміз жетеді.
2019 жылы халықаралық Абай клубы шығарған "Әбу Насыр әл-Фараби" атты 1-томының 24-бөлімінде түс көру себептері туралы тақырып қозғалған.
Бөлімнің алғашқы беттерінде ұйқыға , түс көруге себеп болатын қиялдағыш күштің әсері жайлы ашық жазылған.
"Қиялдағыш күш - сезімтал күш пен ойлаушы күштің арасындағы дәнекер"

"Шынында да, барлық рухани күштердің ішінде тек[қиял ғана] өзінде сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады."
"Қиялдау күші әлденендей бір азттың әсеріне ұшыраған кезде және егер оның жаратылысында осы әсерді қабылдайтын нәрсе мен сол әсерді хабарлайтын нәрсе бар болып отырған кезде бұл күш екі түрлі жолмен аңғара алады: не оны сол қалпында, не хабарланған қалпында аңғарады; не болмаса затты модельдендіруге қабілеті бар түйсіктер арқылы бұл заттың модельденген қалпында аңғарады." - делінген.

Әл-фарабидың айтпағы біздегі қиялдағыш күштің әсерінен пайда болатын мидағы процесстер белгілі бір құбылыстарды қалыптастыра алады. Қиялдағыш күштің әсері соншалық адам шынайы өмір мен өткен өмірдің арасын ажырата алмауы да ықтимал.

"Тек бұл [құбылыстардың] бәрі ойланып-толғанудың көмегінсіз-ақ қиялдағыш күште қалыптасады. Міне, сондықтан да бұлар әуелі ойланып толғанудан туғаннан кейін барып осы заттарда қалыптасады. Сөйтіп, әрекетшіл интеллект көрген түс пен шынайы елестер арқылы қиялдағыш күшті даралықтармен жабдықтап отырады; ол мұны интеллекцияның пайымдалғыш объектілерімен жабдықтайды, бұл күш осы объектілерді аңғарғанда қасиетті заттарды қастерлеу арқылы бұларды [тиісті] модельдермен ауыстырады. Осының бәрі түс пен өңде қалыптаспақ."
"Ал түс көру шақтарында қалыптасатын нәрсенің дені даралықтардан, азын-аулағы интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінен құралған." - деп аяқтады философ өзінің ойын.

Жалпы түс ерекшеліктері туралы 1950 жылы Клейтман мен оның аспиранттары айта бастаған. XX- ғасырда ашқан жаңалықтары адамға арнайы құрылғы орнату арқылы тез бен баяу болатын түстің айырмашылығын дәлелдеді.
Ал , әлемнің екінші ұстаздың замананында болмаған құрылғысыз-ақ, түс көргендегі адамда болатын процесстерді сипаттағаны, дәл нақты неден болатынын анықтағаны таң қаларлы-ақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жұмағали Фариза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым